
Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымы мен Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің «Даналық формуласы» жобасы аясында Тоғызкент ауылдық округінде тәлімгерлермен кездесу өтті. Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке, білімге және адамгершілікке баулу, аға буынның өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Кездесу барысында ардагерлер мен тәлімгерлер ұрпақ тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиенің маңызы, жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру, адал еңбек пен сапалы білімнің қадірін түсіндіру жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие мен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.Аға буын өкілдерінің өмірлік жолы мен мол тәжірибесі – жас ұрпақ үшін өнеге мектебі. Өйткені елдің ертеңі саналатын жастардың бойында еңбекқорлық, білімге құштарлық, парасаттылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.«Даналық формуласы» жобасы осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы сабақтастықты нығайтып, ардагерлердің тағылымды тәжірибесін жастар тәрбиесіне бағыттауды көздейді.Тоғызкент ауылдық округінде өткен кездесу өзара пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай тағылымды жүздесулердің тәрбиелік мәні зор. Себебі даналыққа негізделген тәрбие – саналы ұрпақ қалыптастырудың, жарқын болашаққа жол ашудың маңызды кепілі.