ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ
    КездесуАяқталды

    🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі Тоғызкент ауылдық округінде жалғасты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің "2025 жылы атқарған жұмыстары" туралы аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы баяндама жасады. Бүгінде Тоғызкент ауылдық округінде дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Ауылдық округте күрмеуі терең мәселелер шешімін табуда.

    🔰Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында, жер үлестерінің бөлінуі мен берілуіне қатысты мәселелерді заң аясында зерделеу, Әбілда ауылының ішкі жолына күрделі жөндеу жүргізу, елдімекендегі дәрігер тапшылығы туралы өзекті мәселелер айтылды. Аталмыш мәселелерді тыңдаған аудан басшысы Заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді. Кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Жамбыл облысында 208 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуда

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының Гродеково ауылында орналасқан «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына арнайы барып, тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұрын Президент резиденциясы ретінде пайдаланылған бұл нысан бүгінде балалардың игілігіне қызмет етіп келеді. 2023 жылы орталықт...

    29 шілде 2026 ж.Тікелей