Орталық ашылғалы бері мұнда 2 757 бала демалып, сауықтыру бағдарламаларынан өткен.Жалпы, биыл Жамбыл облысында 208 235 оқушыны жазғы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 198 186 бала жазғы демалыстың әртүрлі түрлерімен қамтылып отыр.Атап айтқанда, 31 967 бала мектеп жанындағы тамақтандырылатын лагерьлерде, 157 471 бала мектеп жанындағы демалыс алаңдарында, 5 360 бала қала сыртындағы лагерьлер мен «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында, 3 220 бала ата-аналар мен кәсіподақ ұйымдарының қаражаты есебінен, ал 168 бала республикалық лагерьлерде демалуда.Өңірде барлығы 407 мектеп жанындағы лагерь мен 6 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істеп, балалардың шығармашылық, мәдени, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасап отыр.Орталықты аралау барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық лагерьдің негізгі басымдығы болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Ол жазғы демалысты сапалы ұйымдастырумен қатар, балаларды сауықтыру шараларымен толық қамту және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.