Жамбыл облысы Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің аппараты

    Әкімдік туралы

    "Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды қамтамасыз ететін салаларда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

    Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымы мен Сарысу аудандық ардагерлер кеңесінің «Даналық формуласы» жобасы аясында Тоғызкент ауылдық округінде тәлімгерлермен кездесу өтті. Тағылымды кездесудің басты мақсаты – жас ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке, білімге және адамгершілікке баулу, аға буынның өмірлік тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды дәріптеу.Кездесу барысында ардагерлер мен тәлімгерлер ұрпақ тәрбиесіндегі тәлім-тәрбиенің маңызы, жастардың бойына ізгі қасиеттерді сіңіру, адал еңбек пен сапалы білімнің қадірін түсіндіру жөнінде ой бөлісті. Сонымен қатар, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, отбасылық тәрбие мен қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелеріне назар аударылды.Аға буын өкілдерінің өмірлік жолы мен мол тәжірибесі – жас ұрпақ үшін өнеге мектебі. Өйткені елдің ертеңі саналатын жастардың бойында еңбекқорлық, білімге құштарлық, парасаттылық пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру – баршаға ортақ міндет.«Даналық формуласы» жобасы осындай игі бастамалар арқылы қоғамдағы сабақтастықты нығайтып, ардагерлердің тағылымды тәжірибесін жастар тәрбиесіне бағыттауды көздейді.Тоғызкент ауылдық округінде өткен кездесу өзара пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты маңызды мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Мұндай тағылымды жүздесулердің тәрбиелік мәні зор. Себебі даналыққа негізделген тәрбие – саналы ұрпақ қалыптастырудың, жарқын болашаққа жол ашудың маңызды кепілі.

    15 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жамбыл облысында 208 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылуда

    Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жамбыл ауданының Гродеково ауылында орналасқан «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығына арнайы барып, тексерді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұрын Президент резиденциясы ретінде пайдаланылған бұл нысан бүгінде балалардың игілігіне қызмет етіп келеді. 2023 жылы орталықтың ғимараты мен жылу жүйесіне күрделі жөндеу жүргізіліп, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Нәтижесінде балалардың сапалы демалуы, білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырылған.Орталық жыл бойы 16 ауысыммен жұмыс істейді. Әр ауысымда облыстың барлық аудан-қалаларынан келген 5-9 сынып оқушылары, яғни 10-15 жас аралығындағы балалар қабылданады. Биылғы жазғы маусымда әр ауысымда 80 баланы қабылдау жоспарланған.Орталық директоры Салтанат Құрманованың айтуынша, жазғы кезеңде бір ауысымның ұзақтығы 15 күн болса, оқу жылы барысында балалар 20 күндік сауықтыру және білім беру бағдарламасымен қамтылады. Сонымен қатар инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.«Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығының инфрақұрылымы балалардың жан-жақты дамуына бағытталған. Мұнда 10 оқу кабинеті бар жеке оқу ғимараты, шығармашылық және коворкинг орталықтары, тоғыз жатын корпус, асхана, спорт алаңы, воркаут аймағы, медициналық блок, бассейндер, монша және гольф клубы жұмыс істейді. Орталық ашылғалы бері мұнда 2 757 бала демалып, сауықтыру бағдарламаларынан өткен.Жалпы, биыл Жамбыл облысында 208 235 оқушыны жазғы сауықтыру және түрлі демалыс шараларымен қамту жоспарланған. Қазіргі таңда 198 186 бала жазғы демалыстың әртүрлі түрлерімен қамтылып отыр.Атап айтқанда, 31 967 бала мектеп жанындағы тамақтандырылатын лагерьлерде, 157 471 бала мектеп жанындағы демалыс алаңдарында, 5 360 бала қала сыртындағы лагерьлер мен «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығында, 3 220 бала ата-аналар мен кәсіподақ ұйымдарының қаражаты есебінен, ал 168 бала республикалық лагерьлерде демалуда.Өңірде барлығы 407 мектеп жанындағы лагерь мен 6 қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істеп, балалардың шығармашылық, мәдени, спорттық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасап отыр.Орталықты аралау барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барлық лагерьдің негізгі басымдығы болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Ол жазғы демалысты сапалы ұйымдастырумен қатар, балаларды сауықтыру шараларымен толық қамту және қауіпсіздік талаптарының қатаң сақталуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    29 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚОЗҒАЛДЫ

    🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі Тоғызкент ауылдық округінде жалғасты. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің "2025 жылы атқарған жұмыстары" туралы аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы баяндама жасады. Бүгінде Тоғызкент ауылдық округінде дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Ауылдық округте күрмеуі терең мәселелер шешімін табуда. 🔰Есептік кездесуде тұрғындар тарапынан Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкестігін анықтау мақсатында, жер үлестерінің бөлінуі мен берілуіне қатысты мәселелерді заң аясында зерделеу, Әбілда ауылының ішкі жолына күрделі жөндеу жүргізу, елдімекендегі дәрігер тапшылығы туралы өзекті мәселелер айтылды. Аталмыш мәселелерді тыңдаған аудан басшысы Заң аясында жауап беріп, алдағы уақытта тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді. Кездесуден соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

    4 ақпан 2026 ж.Тікелей