Қазақстанда әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі жетілдірілуде

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Қазақстанда әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі жетілдірілуде
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жүйесіне енгізілетін өзгерістер бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Негізгі бағыттардың бірі 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау кезінде азаматтардың көмекке мұқтаждығын анықтау тәртібін жетілдіру.

    Өзгерістердің басты мақсаты отбасылардың нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, мемлекеттік көмекті шын мәнінде мұқтаж адамдарға әділ әрі нақты бағыттау. Жаңа тәсіл азаматтардың өмірлік жағдайын ескеруге және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

    Қазір мемлекеттік жәрдемақылар негізінен азаматтың белгілі бір әлеуметтік санатқа жатуына қарай тағайындалады. Алайда бұл тәсіл барлық отбасының тұрмыс деңгейіндегі айырмашылықтарды толық ескере бермейді.

    Осыған байланысты отбасының әлеуметтік әл-ауқатын анықтау әдістемесі жетілдіріліп жатыр. Ол мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтер негізінде отбасының немесе үй шаруашылығының материалдық жағдайы мен әлеуметтік тұрақтылығын жан-жақты бағалауды көздейді.

    Бағалау кезінде қаржылық жағдайы, отбасы мүшелерінің жұмыспен қамтылуы, жылжымайтын мүлкінің, көлігінің, жер учаскелерінің және бизнесінің болуы, несие міндеттемелері, сондай-ақ отбасы құрамы, мүшелерінің жасы және басқа да әлеуметтік ерекшеліктер ескеріледі.

    Жан-жақты бағалау нәтижесінде отбасылар әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөлінеді: А санаты – әл-ауқаты жоғары деңгей; В санаты – ауқатты деңгей; С санаты – жағдайы қанағаттанарлық деңгей; D санаты – экономикалық тұрғыдан осал деңгей; Е санаты – экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан осал деңгей.

    Отбасының қай санатқа жататыны бір ғана көрсеткішке қарап анықталмайды. Отбасының жалпы жағдайын сипаттайтын барлық фактор бірге ескеріледі. Сондықтан пәтердің, көліктің немесе басқа да мүліктің болуы өздігінен отбасын белгілі бір санатқа жатқызуға негіз болмайды.

    Жаңа тәсілге сәйкес, бағалау нәтижесінде А немесе В санатына жатқызылған отбасыларға мұқтаждық деңгейіне қарай тағайындалатын жекелеген жәрдемақылар берілмейді. Ал мұндай төлемдерді қазірдің өзінде алып жүрген отбасыларға төлем жасау заңнамада белгіленген тәртіппен тоқтатылады.

    Ал С, D және Е санатындағы отбасыларға тиісті мемлекеттік қолдау шаралары бұрынғыдай қарастырылған талаптар сақталған жағдайда көрсетіледі. Бұл өзгерістер әлеуметтік қолдаудың бүкіл жүйесі жойылады дегенді білдірмейді. Заңнамада азаматтардың жекелеген санаттарына арналған ерекшеліктер мен кепілдіктер бар. Олар отбасының әл-ауқат деңгейіне қарамастан сақталады.

    Егер отбасының өмірлік жағдайы өзгерсе, мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі жаңартылған мәліметтер негізінде оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы қайта қаралуы мүмкін.

    Бағалау тәртібін жетілдіру мемлекеттік көмектің нақты мұқтаж адамдарға жетуін және оны тағайындау үдерісінің ашық болуын көздейді. Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын жан-жақты бағалау азаматтардың қандай әлеуметтік көмекке мұқтаж екенін дәлірек анықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, бюджет қаражаты ең алдымен мемлекет көмегіне шынымен мұқтаж адамдарға бағытталады.

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

    Ақтөбе облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырысты облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Ғалымжан Елеуов жүргізді. Күн тәртібінде әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау және әйелдер арасындағы жұмыссыздық деңгейін төменде...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі

    Құрылтай отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутат Наталья Рамазанованың Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру тетігі туралы қойған сауалына жауап бере отырып, отбасы санатын (А, В, С, D және Е) айқындау кезінде бүкіл отбасы мен үй шаруашылығына қатысты деректер жиынтығы негізге ал...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі А және В санаттарына қандай отбасылар жататынын түсіндірді

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) арқылы отбасылар мен үй шаруашылықтарының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтау тәртібін түсіндіруді жалғастыруда. Бұл жолы А және В санаттарына жататын, яғни әл-ауқаты жоғары және ауқатты отбасылар туралы айтылды. А және В санаттары отб...

    ОтырысАяқталды

    Ақтөбе облысының тоғыз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылды

    2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды. Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың оры...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қызметкердің құқықтарын қорғау жұмыс берушіден басталады

    Ресми жұмыс — бұл жай ғана жалақы емес. Бұл — еңбек қатынастарын ресми түрде рәсімдейтін және қызметкердің құқықтарын қорғайтын еңбек шарты. Бұл — шарт туралы мәліметтердің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне уақтылы енгізілуі. Бұл — міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыр...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қарабұтақта 150 адамға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады

    Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында көп жылдан бері бос тұрған бұрынғы аудандық аурухана ғимараты қайта жаңғыртылып жатыр. Күрделі жөндеуден кейін мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашу жоспарда. Үш қабатты ғимарат 150 адамға шақталған. Жалпы ауданы 2 851...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Еңбек министрлігі қызметтерінің 90%-дан астамы электронды форматта

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

    Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бұл күн әр адамға тең мүмкіндік берудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әркімнің өз қабілетін дамытуына, өз бетінше шешім қабылдауына, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын еске салады. Қазақстанда мүгедектіг...