Еңбек министрлігі қызметтерінің 90%-дан астамы электронды форматта

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Еңбек министрлігі қызметтерінің 90%-дан астамы электронды форматта
    ЖаңалықтарАяқталды

    ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.

    Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады. Бұл сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерге қашықтан өтініш беруге болады. Осылайша, мекемелерге барудың қажеті азаяды.

    Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда. Бұл жағдайда қызмет ұсыну бастамасын мемлекеттің өзі көтереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі деректер негізінде тиісті қолдау шараларын алуға құқығы бар азаматтар анықталып, оларға осы қызметті алу мүмкіндігі туралы хабарлама жолданады.

    Бұл тәсіл азаматтардың қажетті мемлекеттік қызметті алу үдерісін бастауын жеңілдетеді. Азамат өзіне тиесілі қолдау шаралары туралы білу үшін мемлекеттік органға баруға немесе арнайы өтініш беруге міндетті емес. Ал қызметті рәсімдеу тәртібі оның түрі мен белгіленген талаптарына қарай айқындалады.

    Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 57,1 пайызын құрайды.

    Қызметтерді цифрландырумен қатар оларды көрсету тәртібі де жетілдіріліп, мемлекеттік органдар арасында мәлімет алмасу дамып келеді. Ақпараттық жүйелердегі деректерді пайдалану азаматтардан растайтын құжаттарды қайта талап ету қажеттілігін төмендетеді.

    Министрлік алдағы кезеңде де цифрлық және проактивті қызметтер аясын кеңейтуге, оларды алу рәсімдерін оңтайландыруға және қызмет көрсету мерзімдерін қысқартуға баса назар аударады.

    «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» КММ

    Ұқсас материалдар

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қарабұтақта 150 адамға арналған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы ашылады

    Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылында көп жылдан бері бос тұрған бұрынғы аудандық аурухана ғимараты қайта жаңғыртылып жатыр. Күрделі жөндеуден кейін мұнда психоневрологиялық ауытқулары бар азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін орталық ашу жоспарда. Үш қабатты ғимарат 150 адамға шақталған. Жалпы ауданы 2 851...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Қазақстанда Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі

    Елімізде қазан айының екінші жексенбісінде Мүгедектігі бар адамдар күні атап өтіледі. Бұл күн әр адамға тең мүмкіндік берудің, қолжетімді орта қалыптастырудың және әркімнің өз қабілетін дамытуына, өз бетінше шешім қабылдауына, қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасаудың маңызын еске салады. Қазақстанда мүгедектіг...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Мейірім мен жауапкершілік тоғысқан мамандық

    Қазақстанда жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – қоғамның көмекке мұқтаж азаматтарына қолдау көрсетіп, олардың өміріне оң өзгерістер әкеліп жүрген жандардың еңбегін бағалайтын ерекше күн. Бүгінде Ақтөбе облысында әлеуметтік қорғау саласында 2 мыңн...

    КездесуАяқталды

    Есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі бақылауға алынды

    Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні қарсаңында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ляззат Уразбаева «Ақтөбе» телеарнасының «Сәті түскен сұхбат» бағдарламасына берген сұхбаты барысында тікелей эфирде ата-анадан өтініш түскен болатын. Ата-ана есту жән...

    ЖаңалықтарАяқталды

    Ақтөбе қаласында Отбасын қолдау орталығы азаматтарға жаңа мүмкіндік сыйлап, қиындыққа тап болған отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіп келеді

    Отбасы – қоғамның берік негізі. Ал отбасыға көрсетілген қолдау – тұтас қоғамның тұрақтылығына қосылған үлес. Осы бағытта Ақтөбе қаласының Отбасын қолдау орталығы бірнеше жылдан бері азаматтарға әлеуметтік, психологиялық, құқықтық және басқа да қажетті көмек көрсетіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға қолдау көр...

    КездесуАяқталды

    Әлеуметтік қорғау саласының ардагерлеріне құрмет көрсетілді

    Үлкенге құрмет – халқымыздың қашанда биік ұстанымы. Аға буынның маңдай тері мен ерен еңбегін бағалап, өмірлік тәжірибесіне тағзым ету – кейінгі ұрпақтың парызы. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің әлеуметтік қорғау саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етке...

    ЖарысАяқталды

    ENBEK CUP — 2026: Бірлік бар жерде – жеңіс бар

    Спорт – салауатты өмір салтының ғана емес, ұйымшылдық пен командалық рухтың да берік негізі. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы мен аудандық мансап орталықтары арасында «ENBEK CUP — 2026» спорттық шарасы өтті. Жарыстың бас...

    КездесуАяқталды

    Еңбек министрлігі әлеуметтік саясатты жетілдіру және әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша семинар өткізді

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саясатты жетілдіруге, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заманауи цифрлық құралдарды одан әрі дамытуға арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шараға жұмыспен қамтуды үйлестіру, ішкі саяс...