
2026 жылғы 9 қазанда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Талғар аудандық Халыққа арналған цифрлық кеңсесінде «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға департаменттің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы О. Рақымбеков, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық бөлімінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында мамандар зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына спикерлер жан-жақты жауап беріп, тиісті кеңестер ұсынды.