«Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бекіткен 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Дана» бөбекжайы мемлекеттік аттестаттаудан өткізілді.
Аттестаттау барысында бөбекжайдың білім беру қызметінің нормативтік талаптарға сәйкестігі, оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы, педагогтердің кәсіби қызметі, тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлар және білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар зерделенді.
Аттестаттау барысында бөбекжай қызметінің негізгі бағыттарына жан-жақты талдау жүргізіліп, жетілдіруді қажет ететін тұстар айқындалды. Берілген ұсыныстар негізінде анықталған кемшіліктерді жою, жұмыс сапасын арттыру және білім беру үдерісін жетілдіру бойынша нақты жұмыстарды қолға алу ұсынылды.