Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібі, оның мақсаты мен негізгі талаптарын түсіндіру мақсатындаАқмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Ж.Кабдрахманова 2026 жылғы 15 қыркүйекте аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлерімен, Көкшетау қаласындағы мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері және тәрбиешілерімен кеңес өткізді.
Кеңес барысында Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары, сондай-ақ білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулығымен, білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізуге қатысатын адамдардың мінез-құлқының этикалық нормалары, қызметтік ақпаратты жария етпеу туралы міндеттеме талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарының қызметін бағалауға арналған өлшемшарттарға сәйкес білім беру ұйымдарын бағалау кезінде негізгі бағыттар мен зерттеу объектілері бойынша өзін-өзі бағалау материалдарын талдау, оның ішінде көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бағалау мәселелері қаралды.