Семинар туралы ақпарат

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Семинар туралы ақпарат
    ОтырысАяқталды

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалында Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары, мәслихаттары және аумақтық департаменттерінің әдеп жөніндегі уәкілдеріне арналған семинар өткізілді.

    Семинар барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Т.Батырқұлов, Ақмола облысы әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Жанадилова сөз сөйлеп, әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметі мен мемлекеттік қызметтегі әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне тоқталды.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Кабдрахманова қатысты.

    Семинар аясында ІІМ Басқару академиясының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану доценті Б.А.Кулмуханбетова «Адам ресурстарын басқару» тақырыбында баяндама жасап, адам ресурстарын тиімді басқару және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін дамыту мәселелерін қамтыды. Сондай-ақ «Esbol Qory» қоғамдық қорының сарапшысы М.А.Жумабаев «Мемлекеттік құрылымдарда лудоманияның алдын алу жүйесін қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, лудоманияның алдын алу, профилактикалық шараларды ұйымдастыру және мемлекеттік органдарда тиісті алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін таныстырды.

    Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.

    Іс-шара қорытындысы шығарылып, қатысушылар өзара тәжірибе алмасты.

    Халықпен жұмыс

    Ұқсас материалдар

    БасқаАяқталды

    «Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді

    «Дана» бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау өткізілді Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Ақмола облысын...

    ОтырысАяқталды

    Аппараттық кеңес өтті

    2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы О. Каппасовтың төрағалығымен қызметкерлермен аппараттық кеңес өткізілді. Кеңес барысында алдағы аптаға жоспарланған жұмыстар талқыланып, негізгі міндеттер мен басым бағыттар айқындалды. Сонымен қатар, жоспарланған іс...

    БасқаАяқталды

    Лицензиялау талаптарына сәйкестікті анықтау жұмысы

    Лицензиялау талаптарына сәйкестікті анықтау жұмысы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тарапынан 2026 жылғы 24–25 қыркүйек аралығында «Көкшетау бизнес мектебі» ЖШС білім беру қызметіне лицензия және лицензияға қосымша беру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін анықтау жұмыст...

    БасқаАяқталды

    «Алтын сақа – 2» ЖШС бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді

    «Алтын сақа – 2» ЖШС бөбекжайында мемлекеттік аттестаттау жүргізілді «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Қағида) басшылыққ...

    КездесуАяқталды

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды

    Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері талқыланды 2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А.А.Кусаиновтың жетекшілігімен...

    Дөңгелек үстелАяқталды

    Мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібі, оның мақсаты мен негізгі талаптарын түсіндіру

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібі, оның мақсаты мен негізгі талаптарын түсіндіру мақсатындаАқмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Ж.Кабдрахманова 2026 жылғы 15 қыркүйекте аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлер...

    ОтырысАяқталды

    Аппараттық кеңес

    Аппараттық кеңес 2026 жылғы 9 қыркүйекте Білім басқармалары, Балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, Білім саласында сапаны қамтамасыз ету бойынша аумақтық департаменттер, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қатысуымен аппараттық кеңес өтті. Кеңеске Ақмола облысының білім сала...

    БасқаАяқталды

    Түсіндіру жұмысы

    Түсіндіру жұмысы Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің басшысы Ж.Кабдрахманова және білім сапасын сырттай бағалау бөлімінің бас маманы С.Темиргалина білім беру ұйымдарының өкілдеріне мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыс...