«Ашық микрофон» рубрикасы.
    КеңесАяқталды

    «Ашық микрофон» рубрикасы.

    Бүгін «Ашық микрофон» айдары аясында «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінде департамент басшысының м.а. мен қызметкерлерінің қатысуымен жылы әрі ашық атмосферада кездесу өтті.

    Іс-шараға «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігінің басшысы А.Қыдыралина, департамент басшысының м.а. С.Булебаев, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б.Акимбеков қатысты.

    Кездесудің мақсаты – мүгедектігі бар адамдарды толғандыратын мәселелерді ашық талқылау, сондай-ақ департамент өкілдерінен қажетті түсіндірмелер алу.

    Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына (ЖОБ), техникалық оңалту құралдарын, соның ішінде белсенді электрлі мүгедек арбаларын алу тәртібіне, оларды ұсыну шарттарына, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігіне және қажетті көмекті алу тетіктеріне қатысты сұрақтар қойылды.

    Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау, оларды рәсімдеу тәртібі, қажетті құжаттар және зейнетақы төлемдерін есептеу ерекшеліктері жөніндегі мәселелер қаралды.

    Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылардың барлық сұрақтарына жан-жақты әрі білікті жауаптар берілді.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!

    Еңбек күнін мерекелеу қарсаңында!2026 жылғы 23 қыркүйекте «ТК Метакон» ЖШС еңбек ұжымымен ашық әрі сындарлы диалог форматында кездесу өтті. Кездесуге Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары С.Булебаев, Департаменттің зейнетақы және ә...

    КездесуАяқталды

    Еңбек күні қарсаңындағы кездесу!

    Еңбек күніқарсаңындағыкездесу! 2026 жылғы 22 қыркүйекте, Қазақстан Республикасының Еңбек күні қарсаңында, жылы әрі ізгі ниетті атмосферада «Темірбетон» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова...

    СұхбатАяқталды

    Жетісу облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг

    Ағымдағы жылы 2 қыркүйекте Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Департамент басшысының м.а. С.Булебаев және Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы О.Койчибаев Жетісу облысындағы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер және 2026 жылдың 8 айында Департаменттің атқарған...

    Диалог алаңыАяқталды

    «Заң мен тәртіп» идеалогиясы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясына департамент қызметкерлері қатысты

    «Заң мен тәртіп» идеалогиясы аясында тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б. Акимбеков қатысты....

    КеңесАяқталды

    Комитеттің аумақтық бөлімшелері тарапынан объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін растау функциясын іске асыру мәселелері бойынша кеңес

    25 тамызда ағымдағы жылы Жетісу облысы әкімдігінің ғимаратында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы З.Илимжанова, Жетісу облысының құрылыс басқармасының басшысы Т.Бектасов, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі...