СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
    Дөңгелек үстелАяқталды

    СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    2026 жылғы 20 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары Ермек Алгазиевтің төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

    Кездесудің негізгі тақырыбы – тауарларға арналған декларация графаларын толтыру тәртібі.

    Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағы Комиссиясының №257 шешімімен бекітілген Нұсқаулық талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, декларацияның 31-графасында тауардың өндірушісі, тауар белгісі, моделі, артикулы және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсету қажеттігі түсіндірілді.

    Мәліметтердің толық немесе дұрыс толтырылмауы ТН СЭҚ кодын дұрыс айқындамау және тауардың кедендік құнын төмендету тәуекелдеріне әкелуі мүмкін екені атап өтілді.

    Сонымен қатар, кездесуде кедендік ресімдеу барысында туындайтын өзекті және проблемалық мәселелер, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды.

    🤝 СЭҚ қатысушыларымен ашық диалог – туындайтын мәселелерді жедел шешуге, кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

    Ақпараттық хабарландырулар

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ

    «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ 2026 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында бақылау және қадағалау органдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп беру күні» өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алғаз...

    КездесуАяқталды

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті Орал қаласында «Қазақстандағы және көршілес елдердің шекаралас юрисдикцияларындағы оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалау» тақырыбында өңірлік форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысып...

    Баспасөз конференциясыАяқталды

    БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы ҚҚС өзгерістері бойынша брифинг өтті

    БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы ҚҚС өзгерістері бойынша брифинг өттіБүгін Батыс Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы Салық кодексіне енгізілген қосылған құн салығына (ҚҚС) қатысты өзгерістер тақырыбында брифинг өтті.Брифингке Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірі...

    Рабочая поездкаАяқталды

    Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысы аумақтық бөлімшелерге жұмыс сапарымен барды

    Батыс Қазақстан облысы бойынша МКД басшысы аумақтық бөлімшелерге жұмыс сапарымен бардыБатыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Балтабеков Канат Жолтаевич Ақжайық, Жаңақала, Казталов және Бөкейордасы аудандары бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына жұмыс сапарымен барды.Жұмыс сапа...

    КеңесАяқталды

    Магистратура–2026: қабылдау мәселелері

    Бүгін Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің акт залында 2026–2027 оқу жылына магистратураға оқуға қабылдау мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Іс-шара барысында қабылдау қағидаларындағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар, үміткерлерге қойылатын талаптар, сондай-ақ оқу үдерісін ұйымдастыру...

    Дөңгелек үстелАяқталды

    СЭҚ қатысушыларымен дөңгелек үстел

    Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде "KEDEN"ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу барысында СЭҚ қатысушылары, кеден өкілдері мен Департамент қызмет...