Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

    О департаменте

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (бұдан әрі – Департамент) кеден ісі саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау, салықтардың, кеден және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн, әлеуметтік төлемдерді есептеудің, ұстаудың, аударудың толықтығымен уақыттылығын қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    БҚО бойынша МКД жаңа Салық кодексін енгізуге байланысты салық салу мәселелері және бизнесті қолдау шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізді

    БҚО бойынша МКД жаңа Салық кодексін енгізуге байланысты салық салу мәселелері және бизнесті қолдау шаралары бойынша дөңгелек үстел өткізді 2026 жылғы 14 қазанда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Батыс Қазақстан облыстық филиалының алаңында Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жаңа Салық кодексін енгізуге байланысты туындаған өзекті мәселелерді талқылау мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Іс-шараға БҚО Кәсіпкерлер палатасының өкілдері мен бизнес-қоғамдастық мүшелері қатысып, кездесу БҚО бойынша МКД басшысы Қанат Жолтайұлы Балтабековтын төрағалығымен өтті. Кездесуге БҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі Фарид Наильевич Бахтиозин қатысты. Кездесу барысында Қанат Жолтайұлы кәсіпкерлерді толғандырған мәселелер мен олардың ұсыныстарын тыңдап, жаңа Салық кодексін қолдану кезінде туындайтын қиындықтарды талқылады. Атап айтқанда, қосылған құн салығын (ҚҚС) қайтару және қосымша есепке жатқызу, тауарлар экспорты мен кедендік рәсімдеу, ветеринариялық препараттарға салық салу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындау, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары мен салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелеріне назар аударылды. Талқылау барысында бизнес өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, салық заңнамасын қолдану кезінде кездесетін проблемаларды ортаға салды және оларды шешу бойынша ұсыныстарын білдірді. Қойылған сұрақтарға Қанат Жолтайұлы Балтабеков пен Департамент қызметкерлері тиісті жауаптар беріп, түсініктемелер ұсынды. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпкерлер тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен проблемалық мәселелер назарға алынды. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасындағы ашық диалогты нығайтуға, кәсіпкерлерді толғандыратын мәселелерді талқылауға, бизнесті қолдау шараларын жетілдіруге және салықтық әкімшілендіруді одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

    16 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «ШАҒАН» ӨТКІЗУ ПУНКТІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    «ШАҒАН» ӨТКІЗУ ПУНКТІНДЕ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Батыс Қазақстан облысында облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен «Шаған» өткізу пунктінде мемлекеттік шекарада заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Нариман Төреғалиев, Шекара қызметінің, ұлттық қауіпсіздік органдарының, Полиция департаментінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Қатысушылар өткізу пунктінің жұмысымен, оның инфрақұрылымының жай-күйімен және техникалық жарақтандырылу деңгейімен танысып, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінен отырысқа Департамент басшысының орынбасары Кунчаев Жунус Рахымұлы қатысып, мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне қатысты мәселелер бойынша сөз сөйледі. Отырыс барысында қатысушылар пікір алмасып, өткізу пунктінің жұмыс тиімділігін арттыруға, заң талаптарының сақталуын және мемлекеттік шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шараларды талқылады.

    7 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Балтабеков Қанат Жолтаевич өткен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысына қатысты.

    Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Балтабеков Қанат Жолтаевич Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің төрағалығымен өткен өңірлік инвестициялық штабтың кезекті отырысына қатысты. Отырыста жалпы құны 150 млрд теңгеге жуық 8 инвестициялық жобаның іске асырылу барысы қаралды. Жиын барысында жобаларды қаржыландыру, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар өңірдің өндірістік әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Мемлекеттік органдар мен инвесторлардың өзара іс-қимылы, туындаған мәселелерді жедел шешу және қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды. ДГД ЗКО-ның инвестициялық штаб жұмысына қатысуы бизнес өкілдерімен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және мемлекеттік кірістер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерді шешуге бағытталған.

    7 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ

    «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІНЕ» ҚАТЫСУ 2026 жылғы 24 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ғимаратында бақылау және қадағалау органдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен «Бірыңғай есеп беру күні» өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Алғазиев Ермек Алғазиұлы қатысты. Кездесу аясында мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың өзекті мәселелері қаралып, мемлекеттік органдардың жұмыс нәтижелері, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық арасында ашық диалогты қамтамасыз етуге, кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңнаманы бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылына ықпал етеді, сондай-ақ өзекті мәселелерді жедел талқылауға және оларды шешудің тиімді жолдарын табуға мүмкіндік береді.

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті

    Батыс Қазақстан облысында өңірлік форум өтті Орал қаласында «Қазақстандағы және көршілес елдердің шекаралас юрисдикцияларындағы оңалту және банкроттық туралы заңнаманы реформалау» тақырыбында өңірлік форум өтті. Форум жұмысына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері қатысып, оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы жетілдіру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар, аталған саладағы өзін-өзі реттеу тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігі атап өтілді. Іс-шара барысында судьялармен, оңалту және банкроттық рәсімдерінің әкімшілерімен, сондай-ақ Өзбекстан Республикасынан шақырылған қонақтармен бірлесіп, өзекті мәселелер, оның ішінде банкроттық рәсімдеріндегі әкімшілер мен қаржы басқарушылардың рөлі, қасақана банкроттық белгілерін анықтау және заңнаманы қолданудың басқа да аспектілері талқыланды. Форум оңалту және банкроттық саласындағы заңнаманы жетілдіру мен құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңына айналды.

    11 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    СЭҚ ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 2026 жылғы 20 тамызда Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде Департамент басшысының орынбасары Ермек Алгазиевтің төрағалығымен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің негізгі тақырыбы – тауарларға арналған декларация графаларын толтыру тәртібі. Іс-шара барысында Департамент қызметкерлері 2010 жылғы 20 мамырдағы Кеден одағы Комиссиясының №257 шешімімен бекітілген Нұсқаулық талаптарын түсіндірді. Атап айтқанда, декларацияның 31-графасында тауардың өндірушісі, тауар белгісі, моделі, артикулы және техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді міндетті түрде көрсету қажеттігі түсіндірілді. Мәліметтердің толық немесе дұрыс толтырылмауы ТН СЭҚ кодын дұрыс айқындамау және тауардың кедендік құнын төмендету тәуекелдеріне әкелуі мүмкін екені атап өтілді. Сонымен қатар, кездесуде кедендік ресімдеу барысында туындайтын өзекті және проблемалық мәселелер, сондай-ақ «KEDEN» ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіру бойынша ұсыныстар талқыланды. 🤝 СЭҚ қатысушыларымен ашық диалог – туындайтын мәселелерді жедел шешуге, кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге және мемлекет пен бизнес арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Тізілім

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредитор талаптарының тізілімі Куткужиева Асима Абляевна

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредитор талаптарының тізілімі Махметова Айымгул Муратовна

    Жарияланды:
    Тізілім

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсіміндегі кредитор талаптарының тізілімі Шамгонова Мейрамгул Колбайевна

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау және кредиторлардың талаптарды мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру

    Жарияланды: