Агенттік басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капурмен кездесті

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Агенттік басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Пол Капурмен кездесті
    КездесуАяқталды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде Төраға Мәдина Әбілқасымованың АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері жөніндегі көмекшісі Пол Капурмен кездесуі өтті.

    Кездесу барысында тараптар қаржылық ынтымақтастық, қадағалау тетіктерін дамыту және Агенттіктің АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясымен (U.S. Securities and Exchange Commission, SEC) өзара іс-қимылы мәселелерін талқылады.

    Халықаралық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту шеңберінде Агенттік Орталық Азия елдері үшін SEC техникалық көмек бағдарламасына қатысуға дайын екендігін білдірді. Өзара іс-қимылдың әлеуетті бағыттары бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларға қатысты қадағалау тетіктерін жетілдіруді, бақылау функцияларын автоматтандыруды, тәуекелге бағдарланған тәсілдерді енгізуді және өзін-өзі реттейтін ұйымдар (ӨРҰ) институтын дамытуды қамтиды.

    Агенттік қаржылық тұрақтылықты нығайтуға, қадағалауды жетілдіруге және қаржы нарығына қатысушылардың мүдделерін қорғауға баса назар аудара отырып, АҚШ-тың қаржы реттеушілерімен өзара іс-қимылды жалғастырады.

    Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақы активтерін басқару

    Ұқсас материалдар

    ОтчетАяқталды

    Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

    Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндалды. Б...

    9 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстанда Капитал нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданатын болады

    Алматыда Капитал нарығындамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасыныңнегізгі ережелері мен басты бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ұлттық Банкпен және нарыққа қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Іс-шараға Агенттікті...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Қазақстанда Сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасы қабылданатын болады

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамытудың2030 жылға дейінгібағдарламасының негізгі ережелері мен негізгі бағыттарын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Құжатты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк сақтандыру нарығына қатысушылармен бірлесіп әзірледі. Іс-шара...

    24 тамыз 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Қазақстанда China Construction Bank еншілес банкін құру жоспарлары туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Қазақстан Ұлттық Банкі басшылығының China Construction Bank (CCB) Төрағасы Чжан Цзиньлянмен кездесуі өтті. Қазақстанның банк секторының жай-күйі мен даму перспективалары, екіжақты қаржылық ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда CCB еншілес банкін құр...

    19 тамыз 2026 ж.Тікелей
    КонференцияАяқталды

    Агенттік проблемалық активтерді реттеу тетіктерін күшейтіп, стрестік активтер нарығын дамытады

    Астанада «Азиядағы проблемалық кредиттерді реттеу тетіктерін ілгерілету: инновациялар, институттар және нарықтың дайындығы» деген тақырыпта Активтерді басқару жөніндегі мемлекеттік компаниялардың (IPAF) халықаралық форумының 10-шы Халықаралық конференциясы өтті. Алаң мемлекеттік органдардың, бизнестің, сараптамалық жән...

    14 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Агенттікте төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігі талқыланды

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде БАҚ өкілдерімен «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заңда көзделген төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараны аша отырып, Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Тимур Әбілқасымов 2026 жылғы қаңтардан бастап Қазақст...

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    БрифингАяқталды

    Агенттік берешекті реттеу тетігін жетілдірді

    Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Әлеуметтік жобалар және қаржылық сауаттылықты арттыру департаментінің директоры Александр Терентьев пен Банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбектің қатысуымен брифинг өтті. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қарыз ал...

    28 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

    Алматыда Сақтандыру нарығын дамыту тұжырымдамасын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Еуропа Қайта құру және даму банкінің, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Мемлекеттік кредиттік бюроның, Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығының, Сақтандыру төлемдеріне...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей