Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жаңа Салық кодексі:
    2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

    тікелей эфир
    сұрақтары мен жауаптары

    1.Өткен салық кезеңдері үшін салық есептілігіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізген оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге қатысты салық міндеттемесі мен талап бойынша талап қою мерзімдері ұзартыла ма?

    Иә, ұзартылады. Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 65-бабының 8-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, салық міндеттемесі мен талап бойынша талап қою мерзімдері ұзартылады.



    2.Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және (немесе) есептелген сомаларды қайта қарау бөлігінде талап қою мерзімі қандай кезеңге тоқтатыла тұрады?

    Салықтық тексеру басталған күннен бастап оның нәтижелері бойынша хабарлама орындалған күнге дейін, сондай-ақ салық органы лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым берілген күннен бастап жоғары тұрған салық органының шешімі қабылданған және (немесе) сот актісі заңды күшіне енген күнге дейін талап қою мерзімі тоқтатыла тұрады.
    Сонымен қатар, егер салықтық тексеру талап қою мерзімі аяқталғаннан кейін аяқталса және тексеру басталған күні талап қою мерзімінің аяқталуына 30 күнтізбелік күннен аз уақыт қалса, осы салық кезеңі бойынша талап қою мерзімін тоқтата тұру қолданылмайды. Ал осы тексерумен қамтылған өзге салық кезеңдері бойынша талап қою мерзімі салықтық тексеру басталған кезеңнен кейінгі салық кезеңінен бастап тоқтатыла тұрады.



    3.Талап қою мерзімдерін сақтау бөлігінде салық төлеушілерге қандай кеңес берер едіңіз?

    Өткен жылдар үшін қосымша салық есептілігін тапсырмас бұрын, алдымен күнтізбеге қараңыз.
    Тиісті салық кезеңінің аяқталуына қанша күн қалғанын есептеңіз.
    Егер талап қою мерзіміне қатысты күмән туындайтын болса, тұрғылықты жеріңіз бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына жүгініп, алдын ала кеңес алғаныңыз жөн.

    Салықтық әкімшілендіру

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Диалог форматында тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир тақырыбы:«Қазақстан республикасындағысоттан тыс банкроттық бойыншаөзекті сұрақтар» Спикер:Сыдыканов Ерзат Дулатұлы -Абай облысы бойынша МКД дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасыныңбас маманы 24.07.2026 ж. сағ. 11:00-де

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    «Бақты» кеден бекетінде дөңгелек үстел өтті.

    2026 жылғы 10 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» кеден бекетінде кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № КГД-13-13/16251-ИН нұсқау хат...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті. Семинар спикері ретінде Абай облысы Кәсіподақтар орталығының басшысы, «Әділет» партиясының мүшесі Қ.С. Сүлейменов с...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Абай облысы бойынша МКД Алакөлдегі бизнеске қолдауды күшейтуде: кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілді.

    Белсенді туристік маусым қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабеков пен камералдық мониторинг басқармасының басшысы Еркежан Бүркітова Мақаншы ауданы бойынша МКБ қызметкерлерімен бірлесіп, Алакөл көлінің жағалауында кәсіпкерлік субъектілерімен ақпараттық-түсін...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Семей қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен көшпелі кеңес беру кездесуі ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Абай облысы бойынша өңірлік филиалының, Абай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Сем...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир тақырыбы:«Қазақстан Республикасыныңрезиденттігін растау тәртібіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының ресми құжаттарына апостиль қою» Спикер:Изатова Меруерт Козыхановна - Абай облысы бойынша МКД мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    ЖаңалықтарАяқталды

    Сот ірі жер қойнауын пайдаланушымен болған дауда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдады

    Сот ірі жер қойнауын пайдаланушымен болған дауда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдадыҚазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты бағалы металдарды өндіру және өңдеу саласындағы ірі кәсіпорынға қатысты Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген қосымша салық е...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей