
Іс-шараға Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Абай облысы бойынша өңірлік филиалының, Абай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Семей қаласының Еңбек мобильділігі орталығының өкілдері, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге салық заңдылығы, кассалық тәртіп, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, келесі мәселелер талқыланды:
• салық заңнамасының өзекті мәселелері;
• мемлекеттік гранттар алу тәртібі;
• жеңілдетілген несиелеу бағдарламалары;
• лизингтік қаржыландыру тетіктері;
• бизнесті кепілдендіру құралдары.
Кездесу кәсіпкерлердің сұрақтарына жауап беру және бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары туралы жан-жақты ақпарат беру мақсатында өткізілді.