Сот ірі жер қойнауын пайдаланушымен болған дауда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдады

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сот ірі жер қойнауын пайдаланушымен болған дауда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдады
    ЖаңалықтарАяқталды

    Сот ірі жер қойнауын пайдаланушымен болған дауда мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдады

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соты бағалы металдарды өндіру және өңдеу саласындағы ірі кәсіпорынға қатысты Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жүргізген қосымша салық есептеулерінің заңдылығын растады.Бұл туралы Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Руслан Данияров хабарлады.

    Оның айтуынша, кассациялық саты Департаменттің шағымын толық көлемде қанағаттандырып, төменгі сатыдағы соттардың салық төлеушінің талаптарын қанағаттандыру бөлігіндегі шешімдерінің күшін жойып, талап қоюды толық көлемде қанағаттандырудан бас тарту туралы жаңа шешім қабылдады.

    2024 жылы мемлекеттік кірістер органдары кәсіпорынның 2021–2022 жылдардағы қызметіне кешенді салықтық тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойынша салықтар мен өсімпұлдар қосымша есептеліп, сондай-ақ бюджеттен қайтаруға мәлімделген қосылған құн салығының сомасы азайтылды. Жалпы есептелген сома 4,8 млрд теңгеден асты.

    Қосымша есептеулерге алтынның жетіспеушілігі бойынша шығыстарды есепке алу кезінде, сондай-ақ шетелдік өзара байланысты компания көрсеткен консультациялық қызметтерге жұмсалған шығындарды шегерімдерге және есепке жатқызу кезінде анықталған салық заңнамасының бұзушылықтары негіз болды.

    Істі қарау барысында Кассациялық сот мемлекеттік кірістер органдарының ұстанымын қолдап, салық органдарының салықтық бақылау шеңберінде ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін мәмілелерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен алдын ала жарамсыз деп танымай-ақ дербес бағалауға құқылы екенін растады.

    Сот сондай-ақ шетелдік компанияның консультациялық қызметтерді нақты көрсеткенін растайтын жеткілікті дәлелдердің жоқ екенін көрсетті. Ұсынылған материалдарда орындалған жұмыстардың мазмұны, көлемі және нәтижелері туралы нақты мәліметтер болмаған. Осыған байланысты сот салық органының мәлімделген шығыстардың негізсіздігі туралы қорытындысымен келісті.

    Салық және кедендік аудит, Мемлекеттік қызметтер, камералдық мониторинг; әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    Диалог форматында тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир тақырыбы:«Қазақстан республикасындағысоттан тыс банкроттық бойыншаөзекті сұрақтар» Спикер:Сыдыканов Ерзат Дулатұлы -Абай облысы бойынша МКД дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасыныңбас маманы 24.07.2026 ж. сағ. 11:00-де

    24 шілде 2026 ж.Тікелей
    Баспасөз конференциясыАяқталды

    Жаңа Салық кодексі: 2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді?

    Жаңа Салық кодексі:2026 жылдан бастап ескіру мерзімі қалай өзгерді? тікелей эфирсұрақтары мен жауаптары1.Өткен салық кезеңдері үшін салық есептілігіне толықтырулар немесе өзгерістер енгізген оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушіге қатысты салық міндеттемесі мен талап бойынша...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    «Бақты» кеден бекетінде дөңгелек үстел өтті.

    2026 жылғы 10 шілдеде Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Бақты» кеден бекетінде кеден өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № КГД-13-13/16251-ИН нұсқау хат...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша семинар өткізілді

    Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өтті. Семинар спикері ретінде Абай облысы Кәсіподақтар орталығының басшысы, «Әділет» партиясының мүшесі Қ.С. Сүлейменов с...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Абай облысы бойынша МКД Алакөлдегі бизнеске қолдауды күшейтуде: кәсіпкерлерге жаңа Салық кодексінің нормалары түсіндірілді.

    Белсенді туристік маусым қарсаңында Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Азамат Мұсабеков пен камералдық мониторинг басқармасының басшысы Еркежан Бүркітова Мақаншы ауданы бойынша МКБ қызметкерлерімен бірлесіп, Алакөл көлінің жағалауында кәсіпкерлік субъектілерімен ақпараттық-түсін...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Семей қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимаратында шағын және орта бизнес субъектілерінің қатысуымен көшпелі кеңес беру кездесуі ұйымдастырылды.

    Іс-шараға Абай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Абай облысы бойынша өңірлік филиалының, Абай облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Сем...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Тікелей эфир аңдатпасы!

    Тікелей эфир тақырыбы:«Қазақстан Республикасыныңрезиденттігін растау тәртібіҚазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер органдарының ресми құжаттарына апостиль қою» Спикер:Изатова Меруерт Козыхановна - Абай облысы бойынша МКД мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді дамыту және...

    2 шілде 2026 ж.Тікелей