
2026 жылғы 14 шілдеде Жетісу облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарымен «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту туралы» № ҚР ДСМ-36 бұйрығына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға материалдың игерілуін тексеру үшін ситуациялық тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмаларға жауаптар толық көлемде берілді.