
2026 жылғы 25 маусымда Жетісу облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментімен Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы, Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, қоғамдық тамақтану, оның ішінде суши, пицца, донер дайындау мен өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың алдын алу шаралары, тамақтану объектілері үй-жайларының жиынтығы және ауданына қойылатын талаптар, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу, қызметінің басталғаны туралы хабарлама жолдау cұрақтары талқыланды. Кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтар бойынша жауаптар мен түсініктемелер берілді.