Балаларды сауықтыру орталықтарында топтық тағамнан уланудың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Балаларды сауықтыру орталықтарында топтық тағамнан уланудың алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді
    СеминарАяқталды

    2026 жылғы 23 шілдеде Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Жетісу облысының білім басқармасымен ұйымдастырылған «Жазғы сауықтыру орталықтарында балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын және тамақтану сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша» кеңеске қатысты.

    Кеңеске жазғы сауықтыру орталықтарының басшылары мен жауапты мамандары қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын күшейту және топтық тағамнан улану жағдайларының алдын алу.

    Кеңес барысында балаларды сауықтыру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, жаппай тағамнан уланудың және жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары, ауыз су сапасына қойылатын талаптар, қоғамдық тамақтандыру объектілерінде санитариялық қағидаларды сақтау мәселелері түсіндірілді.

    Сонымен қатар қатысушыларға ас блогының санитариялық жағдайын тұрақты бақылау, тағам өнімдерін қабылдау, сақтау және дайындау талаптарын сақтау, қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден уақтылы өтуі мен жеке гигиена қағидаларын қатаң сақтау қажеттігі айтылды.

    Кеңес қорытындысында балалардың жазғы демалысын қауіпсіз ұйымдастыру үшін санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау әрбір сауықтыру орталығының басты міндеті екені атап өтілді.

    Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы

    Ұқсас материалдар

    ОтырысАяқталды

    2026 жылдың І жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша халықты жоспарлы иммундаумен қамту, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру жөнінде жасалып жатқан шаралар штаб отырысында қаралды

    2026ж. 16.07. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлының төрағалығымен «2026 жылдың І жартыжылдығында Жетісу облысы бойынша халықты жоспарлы иммундаумен қамту, қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және оны тұрақтандыру жөнінде жасалып жатқан шаралар» туралы өңірлік штаб отырысы өткізілді. Штаб отыр...

    17 шілде 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша семинар өткізілді

    Бүгін Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық және қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен жауапты мамандарына «Білім беру ұйымдарының 2026–2027 оқу жылына дайындығына жүргізілген мониторинг қорытындыларын талдау» тақырыбында онлайн форматта семин...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Cеминар өтті

    2026 жылғы 14 шілдеде Жетісу облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты мамандарымен «Тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар санитариялық қағидаларын бекіту турал...

    16 шілде 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Тексерулерді ұйымдастыру тәртібі. (ҚР КК 137, 144 бап.)» тақырыбында жоспар бойынша семинар өткізілді.

    2026 жылғы 14 шілде күні, сағат 10:00-де Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Zoom» мобильді қосымшасы арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен «Бақылау нысандары. Тексерулерді ұ...

    14 шілде 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    Сырымбет ауылының тұрғындарымен жүк көліктерінің қозғалысынан туындайтын шу, шаң және ауыз су сапасына қатысты ұжымдық шағымы бойынша кездесу өткізілді

    Ескелді ауданының әкімі Ахметов Елдос Турсынбаевичтың төралығымен 2026 жылдың 3 шілдесінде Ескелді ауданы, Сырымбет ауылы тұрғындарымен жүк көліктерінің қозғалысынан туындайтын шу, шаң және ауыз су сапасына қатысты ұжымдық шағымы бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында Жетісу облысының санитариялық – эпидемиология...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Ерекше бақылау және қадағалау объектісіне бару арқылы жүргізілген мониторинг нәтижелері штаб отырысында қаралды

    2026ж. 02.07. Жетісу облысы әкімінің орынбасары Көлбаев Марлен Қапашұлының төрағалығымен «Ерекше бақылау және қадағалау объектілеріне бару арқылы мониторинг нәтижелері» туралы өңірлік штаб отырысы өткізілді. Штаб отырысына Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, денсаулық сақтау басқармасын...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Дөңгелек үстелАяқталды

    Дөңгелек үстел өткізу туралы

    2026 жылғы 25 маусымда Жетісу облысының санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментімен Талдықорған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы, Жетісу облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, қоғамдық тамақтану, оның ішінде суши, пицца, донер дайындау мен өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъе...

    25 маусым 2026 ж.Тікелей
    СеминарАяқталды

    Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi

    2026 жылғы 23 маусым күні, сағат 10:00-де Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында «Zoom» мобильді қосымшасы арқылы аудандық, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары, бөлім басшылары мен жауапты мамандардың қатысуымен «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей