Дзюдодан республикалық күнтізбелік турнир

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ТурнирАяқталды

    2026 жылғы 9–10 мамыр күндері даңқты тарихи тұлға, ұлы билеуші Сұлтан Бейбарыстың құрметіне арналған дзюдодан республикалық күнтізбелік турнир өтеді.

    Жарыстың басталуы: 9 мамыр күні сағат 10:00.

    Салтанатты ашылу рәсімі: 9 мамыр күні сағат 12:00.

    Өтетін орны: «Үшқоңыр» спорт кешені, Қарасай ауданы, Шамалған ауылы, Жібек жолы көшесі, 166.

    Еліміздің барлық өңірлерінен 2011–2012 жылы туған ұлдар мен қыздар жеңіс үшін бақ сынайды. Жалпы саны 600-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. Олар 17 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады: ұлдар – 9, қыздар – 8 салмақ дәрежесінде.

    Мақсаты:

    – балалар мен жасөспірімдерді жүйелі түрде спортпен айналысуға тарту;

    – салауатты өмір салты мен патриотизмді насихаттау;

    – спортшылардың шеберлік деңгейін арттыру;

    – еліміздің түрлі өңірлеріндегі дзюдошылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту және тәжірибе алмасу;

    – жасөспірімдер құрамаларын жасақтау үшін үздік дзюдошыларды анықтау.

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат атағы беріледі.

    Әр салмақ дәрежесі бойынша жеке есептегі жеңімпаздар чемпион белбеуімен марапатталады. Командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

    Ұйымдастырушылар:

    Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облыстық «Бұқаралық спорт клубы», Қазақстан дзюдо федерациясы және Алматы облысының дзюдо федерациясы.

    Байланыс телефондары:

    +7 747 144 4790 (Қанат Асылбеков), +7 747 500 7007 (Жарас Аймқұлов).

    Спорт

    Ұқсас материалдар

    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық диалог» порталында «Спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау

    «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлама жасалды. Осы хабарламағ...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).Конкурс келесі номинациялар бойынш...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «ҚАПШАҒАЙ БИДАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС мектеп пен колледж түлектерін Қытай Халық Республикасында демеушілік бағдарлама бойынша оқуға шақырады

    🎓 ҚЫТАЙДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ! 🏫 Оқу орны:Янчжоу политехникалық институты (Yangzhou Polytechnic Institute, YPI) 📚 Мамандығы:«Мехатроника» (инженерлік-техникалық факультет) ⚙️ Мехатроника – Цзянсу провинциясының басым мамандықтарының бірі. Бағдарлама күрделі электрмеханикалық жүйелерді қызмет көрсету, жөндеу ж...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қ...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Общественные места - территория взаимного уважения

    Қоғамдық орындар – өзара сыйластық аумағы. Саябақтар, алаңдар, гүлзарлар мен аулалар адамдардың демалып, қарым-қатынас жасауына арналған. Бұл кеңістіктердің баршаға жайлы болуы үшін қарапайым мінез-құлық нормалары мен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықт...

    22 маусым 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 16 маусымда «Ашық диалог» «Бас жоспарды әзірлеу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме бойынша қатыса аласыз https://dialo...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады

    Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсыныстарды сақтау қажет: бөгде адамдарға ЖСН-...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей