Республикалық турнир

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ТурнирАяқталды

    2026 жылғы 6–9 мамыр аралығында жасөспірімдер арасында бокстан КСРО спорт шебері, Қазақстан республикасының еңбек сіңірген спорт қайраткері Есет Нугыспановты еске алуға арналған ашық республикалық турнир өтеді.

    Жарыс «Андрей Кивилев атындағы мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебі» базасында өтеді. Мекенжайы: Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, 68 «Б».

    Салтанатты ашылу рәсімі 6 мамыр күні сағат 14:00-де өтеді.

    Жарыстың басталуы: 6 мамыр күні сағат 14:30.

    Жарысқа 2011–2012 жылдары туған жасөспірімдер қатысады. Жекпе-жектер 15 салмақ дәрежесінде өтеді — 42 келіден жоғары 80 келіге дейін және одан жоғары. Әр салмақ дәрежесінде өңір намысын тек іріктеу кезеңдерінің жеңімпазы болған бір ғана мықты спортшы қорғайды. Бұл жарыстың жоғары деңгейде және тартысты өтуіне кепіл болады.

    Турнир World Boxing халықаралық бокс федерациясының қолданыстағы ережелеріне сәйкес өткізіледі.

    Турнирдің басты мақсаты — Есет Нугыспановтың жарқын есімін ұлықтау, оның қазақстандық бокстың дамуына қосқан зор үлесін дәріптеу, сондай-ақ жасөспірімдер арасында боксты кеңінен насихаттау, спортшылардың шеберлігін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

    Финалдық жекпе-жектер мен жеңімпаздар және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 9 мамыр күні сағат 12:00-де өтеді.

    Турнирді ұйымдастырушылар: Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Алматы облысының бұқаралық спорт клубы».

    Байланыс телефоны: +7 705 123 10 92 (Ерназаров Жанболат); +7 702 424 23 00 (Кенесов Узақбай).

    Спорт

    Ұқсас материалдар

    ХабарландыруАяқталды

    КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!

    Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының(әрі қарай - ӘМАТ) бағаларынтұрақтандыру жәнеАлматы облысының тұрақтандыру қорын қалыптастырумақсатында,«Қонаев» ӘКК» АҚ-ытауар өндірушілерден ӘМАТ-ынсатып алуғаөтінімдер мен коммерциялық ұсыныстарқабылдайтыны туралы хабарлайды, оның ішінде: ас тұзы(1кг пакетте)– 66тонна, қа...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтчетАяқталды

    ҚҰРМЕТТІ КӘСІПКЕЛЕР МЕН ҰЙЫМДАР!

    Сіздерді 2026 жылғы 24 қыркүйекте сағат 15:00-де өткізілетін Бірыңғай есеп беру күніне қатысуға шақырамыз. Іс-шараны өкізудің мақсаты: қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мем...

    24 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    СұхбатАяқталды

    Назар аударыңыздар! Сауалнама!

    Алматы облысының әкімдігі «Ашық диалог» порталында дін мәселелері бойынша сауалнама жүргізілетінін хабарлайды. Сауалнамаға келесі сілтеме арқылы қатыса аласыз: https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=7192

    7 тамыз 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық диалог» порталында «Спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау

    «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлама жасалды. Осы хабарламағ...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).Конкурс келесі номинациялар бойынш...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «ҚАПШАҒАЙ БИДАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС мектеп пен колледж түлектерін Қытай Халық Республикасында демеушілік бағдарлама бойынша оқуға шақырады

    🎓 ҚЫТАЙДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ! 🏫 Оқу орны:Янчжоу политехникалық институты (Yangzhou Polytechnic Institute, YPI) 📚 Мамандығы:«Мехатроника» (инженерлік-техникалық факультет) ⚙️ Мехатроника – Цзянсу провинциясының басым мамандықтарының бірі. Бағдарлама күрделі электрмеханикалық жүйелерді қызмет көрсету, жөндеу ж...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қ...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей