
Жетісу облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен аудандық және қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау басқармаларының басшылары мен жауапты мамандарына «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, жазғы сауықтыру маусымына дайындығы, санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі» тақырыбында онлайн-режимде семинар өткізілді.
Семинар барысында санитарлық ережелерге 2025 жылдың сәуір айында енгізілген өзгерістер, сондай-ақ жазғы сауықтыру маусымы басталар алдында қабылданатын шаралар талқыланды және түсіндірілді.