«Қыран рухты әулет» тағылымды кездесу

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Қыран рухты әулет» тағылымды кездесу
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Наурызнама онкүндігі аясында «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне» орай «Қыран рухты әулет» атты тағылымды кездесу кеші өтті.

    Кештің мақсаты – Ұлан ауданында тұратын Манай әулетінің бірлігі мен татулығын, өзара сыйластығы мен бауырмалдығын насихаттау, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық тәрбие мен дәстүр сабақтастығын көрсету болды.

    Шара барысында қатысушылар өнер мен салт-дәстүрді өмірлік ұстанымына айналдырған өнегелі әулет – Манай әулетінің өмір жолымен танысты. Жылқы баптап, құс салу өнерін жалғастырып келе жатқан бұл әулет ұлттық құндылықтарды дәріптеп, оны отбасылық тәрбиенің өзегіне айналдырып отырған ерекше шаңырақ ретінде таныстырылды.

    Кездесу кешінде әулеттің үлкені, әнші Қадыхан Манайұлы мен жары Айнұр Қуанғанқызы өздерінің өмір жолы, бала кезден бойына сіңген ұлттық тәрбие мен әке өнегесі туралы әңгімелеп, көрермендерге әннен шашу шашты. Сондай-ақ, Мамырхан Манайұлы отбасы құндылығы, саятшылық дәстүрі және ата кәсіптің жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәні туралы ой бөлісті.

    Шара барысында Манай әулетінің өнерпаз ұрпақтары да өз өнерлерін көрсетіп, көрермендерге әсерлі сәттер сыйлады. Мамырхан Аружан би билеп, кеш қонақтары әулеттің өмірі мен дәстүрін танытатын бейнебаяндарды тамашалады.

    Кеш соңында ұйымдастырушылар Манай әулетіне алғыс білдіріп, арнайы алғыс хат табыстады. Тағылымды кездесуге келген оқырмандар мен қонақтар мазмұнды кештен ерекше әсер алып қайтты.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей