«Шарапатты шаңырақ шежіресі» кездесу

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Шарапатты шаңырақ шежіресі» кездесу
    КездесуАяқталды

    16 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Наурызнама» он күндігі аясындағы «Шаңырақ күніне» орай «Шарапатты шаңырақ шежіресі» атты кездесу кеші өтті.

    Шара Шығыс Қазақстанның ғана емес, күллі еліміздің мақтанышы болған екі алып тұлғаның, атап айтқанда, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы инженерлік академиясының корреспондент-мүшесі, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінің «Химия, металлургия және байыту» кафедрасының профессоры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ахат Күленовтың және Алтайдың «Аңыз адамы», жазушы, шежіреші, Социалистік Еңбек Ері, Ұлы Отан соғысының ардагері, экономика ғылымдарының кандидаты, жоғары дәрежелі ордендер мен медальдардың иегері, Шығыс Қазақстан облысының, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы Бошай Кітапбаевтың ұрпақтарына арналды.

    Шара шымылдығы айтыскер ақын Қуаныш Еркінұлының арнауымен ашылды.

    Кездесуге арнайы келген Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы жиналған қауымды көктем мерекесімен құттықтап, «Шаңырақ күніне» арналған шараның маңыздылығын атап өтті.

    Ардагер ақсақал Аухадиев Сайлаухан Әбілханұлы, «Қазмырыш» АҚ Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сарро Галина Семеновна, ардагер ұстаз Әлібек Нұрмұхамедов, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сағынбек Ақанов тағы да басқа қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қос тұлға жайлы өз естеліктерімен бөлісіп, кеш қонақтарына аталық баталарын берді.

    Бошай Кітапбаевтың ұрпағы Марат Бошайұлы қос тұлғаның халық үшін жасаған еңбектеріне тоқталып, отбасы берекесінің ұйытқысы, әрқашан ер азаматтың қолдаушысы бола білген аналарын ерекше атап өтті. Әкелерінен дарыған асыл тәрбиенің шамын өшірмей, жарқырата жағып, бір шаңырақ астында бас қосқан текті әулеттің ұрпақтары Марат Бошайұлы мен Жанат Ахатқызы жиналғандарға ақжарма алғысын білдірді.

    Байланыс тел. 261333(119)

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей