ESG-ДЕН АВТОӨНДІРІСКЕ ДЕЙІН: PLASTEX QAZAQSTAN 2025 ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    ESG-ДЕН АВТОӨНДІРІСКЕ ДЕЙІН: PLASTEX QAZAQSTAN 2025 ІСКЕРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КӨШБАСШЫЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ
    КөрмеАяқталды

    12-14 ҚАРАША АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДАҒЫ «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА АЛҒАШ РЕТ PLASTEX QAZAQSTAN ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПЛАСТМАССА ЖӘНЕ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ — ӨНДІРУШІЛЕРДІ, ЖЕТКІЗУШІЛЕРДІ, ИНВЕСТОРЛАРДЫ ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨКІЛДЕРІН БІРІКТІРЕТІН ІРІ САЛАЛЫҚ ШАРА.

    Көрме саланың негізгі бағыттарын қамтып, ең заманауи технологиялар мен шешімдерді ұсынады. Қатысушылар арасында саланың жетекші компаниялары бар: Haitian International Holdings Ltd., Polimax General Trading, Distritech, Samarkand Golden Color және басқа да ірі кәсіпорындар. Экспоненттер пластмасса мен химиялық өнімдерді өндіру және қайта өңдеуге арналған ең жаңа технологиялар мен жабдықтарды, материалдарды ұсынады. Экспозицияда полимерлерді қайта өңдеуге арналған технологиялар мен жабдықтар, автоматтандыру жүйелері мен перифериялық құрылғылар, өндіріске арналған шикізат пен материалдар, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер, сондай-ақ қайталама өңдеу мен регенерацияға арналған шешімдер ұсынылады. Көрме аясында пластмасса және полимерлер бойынша алғашқы мамандандырылған конференция ерекше маңызға ие, ол стратегиялық сессияларды, тақырыптық пікірталастарды және сараптамалық талқылауларды біріктіреді.

    12 қарашада «Қазақстандағы пластмасса нарығының даму тенденциялары және халықаралық тауар нарықтарындағы негізгі ойыншылар» тақырыбында кеңейтілген пленарлық отырыс өтеді. Сессия барысында жоғары қосылған құнды өндірісті дамыту бойынша стратегиялық бағыттар, импортты алмастыру және отандық мұнай-химия позицияларын нығайту перспективалары қарастырылады. Қатысуға профильді министрліктердің, мемлекеттік даму институттарының, қауымдастықтардың және ірі бизнестің өкілдері, сондай-ақ әлеуетті инвесторлар шақырылған. Пленарлық сессияның қорытындысы ретінде отырыстың нәтижелері мен алдағы іс-қимыл жоспарлары белгіленетін форсайт блогы өтеді. Кейін көрменің ресми ашылу салтанаты және экспозиция бойынша шолу VIP-тур өтеді. Бірінші күнді «Жергілікті өндірісті дамыту: автомобиль өндірісіндегі химияның рөлі» тақырыбындағы сессия аяқтайды. Спикерлер химия өнеркәсібінен автокөлік өндірушілердің күтілімдерін, жеткізу тізбектеріндегі кедергілерді және шикізат өндірушілер мен автокомпаниялар арасындағы өзара әрекеттесу формаларын талқылайды. Диалогқа жетекші халықаралық автомобиль брендтерінің, жергілікті өндірушілердің, сондай-ақ аймақтық әкімдіктердің өкілдері қатысады.

    13 қарашада бағдарлама салалық пікірталастар сериясымен жалғасады. Біріншісі — «Қазақстанның мұнай-химиясының экологиялық аспектілері» — қалдықтарды басқару, пластикті қайта өңдеу инфрақұрылымы және осы процестердің бизнестің ESG рейтингтеріне әсері мәселелеріне арналған. Келесі сессияда «Қазақстандағы полимерлерді өндіру және өңдеудегі инновациялар» қатысушылар полиэтилен және полипропилен өндірудегі жаңа катализаторлар мен технологияларды қолдану тәжірибесімен алмасады, сондай-ақ қайталама полимерлерді өңдеу перспективаларын талқылайды. Талқылауға мемлекеттік органдардың, салалық қауымдастықтардың және химия өнеркәсібінің жетекші компанияларының өкілдері қосылады. Күнді «Қазақстанның мұнай-химиясының экономикалық аспектілері» тақырыбындағы пікірталас аяқтайды, онда пластмассаларды қайта өңдеуді ұлттық өндірушілер үшін тиімді ететін ынталандырулар, сондай-ақ терең өңдеуді қаржыландыру және өндірістік кластерлерді қалыптастырудағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмдері туралы сөз болады.

    Plastex Qazaqstan өткізу елдің пластмасса және химия өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болады. Көрме тек озық технологиялар мен өнімдерді көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар стратегиялық серіктестіктерді қалыптастыру, инвестицияларды тарту және сараптамалық білім алмасу үшін платформа жасайды.

    Іс-шараға ресми қолдау көрсететіндер: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «KAZХИМИЯ» ОЮЛ, Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы QAZINDUSTRY, «Мұнайгазхимиялық өнім өндірушілері мен тұтынушылары қауымдастығы (Мұнайгазхимиялық қауымдастық)» PGCA, сондай-ақ басқа салалық қауымдастықтар, одақтар, ақпараттық және медиа серіктестер.

    Көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық көрме компаниясы Iteca және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

    Ұқсас материалдар

    КөрмеЖақында

    Халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі

    Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компани...

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесі

    Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті жә...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

    Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық мат...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КездесуАяқталды

    АНОНС!

    2026 жылғы 26 маусым күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 10:00-де Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қа...

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 (4-қабат, мәжіліс залы) мекенжайында өтедӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КонгрессАяқталды

    Астанада XVI Халықаралық тау-кен-металлургия AMM 2026 конгресі өтеді

    2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең...

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    Астанада Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуға арналған халықаралық Automechanika Astana 2026 көрмесі өтеді

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен авто...

    Республикалық форумАяқталды

    АНОНС

    2026 жылғы 30 мамыр күні Көкшетау қаласында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтеді. Форумға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады. Іс-шара барысында:— аумақтарды реновациялау;— қалалық ортаны дамыту;— құрылыс салас...

    30 мамыр 2026 ж.Тікелей
    «AQMOLA DIGITAL», Көкшетау қаласыӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    COMTRUX ASTANA 2026: КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПЕН АВТОЖОЛ ЛОГИСТИКАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana коммерциялық көлік пен автожол логистикасына арналған жаңа халықаралық көрме өтеді. Messe Frankfurt GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын Comtrux Astana көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық көрме нарығының...

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    EXPO халықаралық көрме орталығындаӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі