Астанада Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуға арналған халықаралық Automechanika Astana 2026 көрмесі өтеді

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Астанада Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуға арналған халықаралық Automechanika Astana 2026 көрмесі өтеді
    КөрмеАяқталды

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен автохимия саласындағы ең ірі көрме алаңы.

    Биыл көрме өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтуде және көрме тарихындағы ең ауқымды іс-шара болмақшы. Мерейтойлық көрмеге Қазақстан, Германия, Франция, Польша, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея Республикасы, Үндістан, Қытай, Малайзия, Тайланд, Түркия, Ресей Федерациясы және басқа да елдерден автокомпоненттер мен сервистік жабдықтарды өндіруші, жеткізуші және дистрибьюторлерді жинайтын 400-ден астам компания қатысады.

    Automechanika Astana көрмесі әлемдегі ең ірі көрме компанияларының бірі саналатын, 800 жылдан астам тарихы бар және 50-ден астам елде өкілдігі орналасқан Messe Frankfurt GmbH компаниясына тиесілі жаһандық Automechanika көрме бренді аясында өткізіледі. Automechanika халықаралық желісі бес құрлықтағы 20-дан астам көрмені біріктіріп, автокомпоненттер, сервис және логистика нарығындағы халықаралық стандарттарды қалыптастырады. Орталық Азиядағы көрменің ұйымдастырушысы аймақтағы Messe Frankfurt GmbH компаниясының ресми өкілі Business Media Central Asia (BMCA) компаниясы.

    Халықаралық салалық көрмелер өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың тиімді құралы. Мұндай алаңдар халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, отандық өнімді сыртқы нарықтарға шығаруға, инвестиция тартуға және заманауи технологияларды трансферлеуге ықпал етеді және қазақстандық өндірушілер, шетелдік серіктестер мен даму институттары арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, отандық кәсіпорындардың халықаралық көрмелеріне қатысуын қолдау мемлекеттік өнеркәсіптік саясаттың маңызды бөлігі.

    Automechanika Astana 2026 көрмесі отандық автомобиль индустриясы үшін халықаралық нарықпен тікелей диалог орнататын маңызды алаң ретінде ерекше мәнге ие. Ол автомобиль компоненттерін өндіруді жергіліктендіруді дамытуға, халықаралық өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, кәсіпорындардың технологиялық базасын жаңартуға және қазақстандық өндірушілерді жаһандық жеткізу тізбектеріне біріктіруге ықпал ететін құрал. Көрменің мерейтой кезеңі Қазақстан Республикасындағы автомобиль кластерінің қарқынды дамуы және заманауи сервистік әрі ілеспе өндірістік шешімдерге деген сұраныстың артуы кезеңімен тұспа-тұс келіп отыр.

    Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында Automechanika Academy білім беру бағдарламасы, Automechanika Live Stage демонстрациялық алаңы, өндірушілер, дистрибьюторлар мен тапсырыс берушілер арасындағы B2B келіссөз сессиялары, жаңа өнімдер мен технологиялық шешімдердің таныстырылымдары, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен халықаралық серіктестердің қатысуымен сараптамалық сессиялар өткізу жоспарланған.

    Көрмеге қатысу автомобиль өнеркәсібі кәсіпорындарының мамандары мен басшылары, автомобиль компоненттерін өндірушілер, сервистік және логистикалық компаниялар, дилерлік және дистрибьюторлық желілер, автомобиль көлігі операторлары, салалық қауымдастықтар, ғылыми-білім беру ұйымдары және мемлекеттік тапсырыс берушілер үшін өзекті.

    Көрмеге қатысу тегін. Қатысу үшін сілтеме https://exhibition.techno-light.kz/event.php?id=40&utm_source=mps

    Ұқсас материалдар

    КөрмеЖақында

    Халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі

    Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компани...

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесі

    Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті жә...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

    Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық мат...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КездесуАяқталды

    АНОНС!

    2026 жылғы 26 маусым күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 10:00-де Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қа...

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 (4-қабат, мәжіліс залы) мекенжайында өтедӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КонгрессАяқталды

    Астанада XVI Халықаралық тау-кен-металлургия AMM 2026 конгресі өтеді

    2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең...

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    Республикалық форумАяқталды

    АНОНС

    2026 жылғы 30 мамыр күні Көкшетау қаласында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтеді. Форумға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады. Іс-шара барысында:— аумақтарды реновациялау;— қалалық ортаны дамыту;— құрылыс салас...

    30 мамыр 2026 ж.Тікелей
    «AQMOLA DIGITAL», Көкшетау қаласыӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    COMTRUX ASTANA 2026: КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПЕН АВТОЖОЛ ЛОГИСТИКАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana коммерциялық көлік пен автожол логистикасына арналған жаңа халықаралық көрме өтеді. Messe Frankfurt GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын Comtrux Astana көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық көрме нарығының...

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    EXPO халықаралық көрме орталығындаӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    ASTANABUILD 2026 АСТАНАДА ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ИНТЕРЬЕР ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ КӘСІПҚОЙЛАРЫН БІРІКТІРЕДІ

    28-сінен 30-сына дейін астанада AstanaBuild халықаралық құрылыс және интерьер көрмесі өтеді — құрылыс секторы, архитектура, дизайн саласындағы кәсіпқойлар үшін негізгі салалық алаңдардың бірі. Іс-шара өндірушілерді, жеткізушілерді, құрылысшыларды, жобалаушыларды, салалық мемлекеттік органдар мен қауымдастықтардың өкілд...

    28 сәуір 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы, Астана қ., «EXPO» ХКОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі