«Қазақ прозасының қара нары» оқырмандар конференциясы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Қазақ прозасының қара нары» оқырмандар конференциясы
    КонференцияАяқталды

    14 наурыз Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, прозашы, драматург, кинодраматург, Катонқарағай ауданының тумасы Қалихан Ысқақтың туған күні. Осыған орай сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына арналған «Қоңыр күз еді» повесі бойынша «Қазақ прозасының қара нары» атты оқырмандар конференциясы өтті.

    Шараға қаламыздағы «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі, №47, №27 жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты.

    Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, соғыстан кейінгі ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген Қ. Ысқақтың «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Дос хикаясы», «Күреңсе» повестері, «Ақсу – жер жаннаты», «Тұйық», «Қара орман» романдары, «Жарық дүние», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жапырақ», «Есеней – Ұлпан», «Жан қимақ», «Қыл көпір», «Ерліктің екі сағаты», «Сабатаж», «Мазар», «Жәке-Жәкетай», «Сайқының тұқымдары» пьесаларының дені өзінің қиын да қызғылықты өмірін арқау еткен.

    «Қоңыр күз еді» повесі Ұлы Отан соғысынан кейінгі тұрмыс-тіршілікті, Топқайың мектеп-интернатының жай-күйін, балалар өмірін суреттеуге арналған. Яғни, жазушының аталмыш шығармасы өз басынан кешкен бір оқиға негізінде жазылған. Шығарма оқиғасы ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуымен басталады. Мұғалімнің Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты байқауы, оған ерекше кітап беруі, Қасымның қолжазбаны қастерлеп жасыруы, әңгімеде бейнеленген күз суреті оқырманды өзіне баурай түседі.

    Конференция барысында жазушының өмірі мен қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар «Қоңыр күз еді» шығармасы жайлы ой қозғады. Аталмыш повеске «Тақырып және идея», «Кейіпкерлер», «Қоғамдық және әлеуметтік мәселелер», «Шығарманың құрылымы мен стилі», «Шығармадағы философиялық мәселелер», Шығарманың әсері мен маңызы» атты бөлімдер бойынша жан-жақты әдеби талқылау жүргізілді.

    Конференция соңында сыни пікірлерімен, ерекше қабілет-зейіндерімен, ұтымды да ұтқыр ойларымен көзге түскен оқушылар «Болашақ әдебиеттанушы», «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман», «Ойлы оқырман», «Ізденімпаз оқырман» номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталды.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей