Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды
    КездесуАяқталды

    Шығыстағы көркі талайды тамсандырған Төр Алтайдың қойнауындағы құтты Қатонқарғай жері көптеген дарынды тұлғалардың кіндік қаны тамған жер.

    Биыл Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен белгілі жазушы, сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары қатар келіп отыр. Осы атаулы күндерге арналған облыс көлеміндегі іс-шаралар легі бүгін өлкемізге танымал айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылуымен басталды. Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірі кезеңінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға ат салысқан белді ақын.

    Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ашылып отырған аймағымыздағы алғашқы ақындар мектебі айтыс өнеріне ден қойған дарынды жастардың басын қосып, бағыт-бағдар беріп, таланттарын шыңдамақ. Қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бастаған ел ағалары Ақындар мектебінің тұсауын кесіп, жас таланттарды айтыс өнеріне баулитын мектеп жұмысына сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға Арқа төрінен, Алатау баурайынан, шежірелі Семей өңірінен келген есімдері республикаға танымал Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, Жанарбек Әшімжан, Дәулет Сметов, талай дүбірлі айтыс додаларында облысымыздың қанжығасын майлаған жерлестеріміз Абаш Кәкенов, Серік Құсанбаев сынды ақын ағаларымыз бен Ақтан ақынның ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты.

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ашылған ақындар мектебіне демеушілік жасаған Ержан Нұрбаев бастаған Ақтан ақынның ұрпақтары.

    Бұл игілікті шара «Қарасөздің қарагері Қалихан» атты дүбірлі республикалық ақындар айтысымен, жаз айларында Қалихан мен Дидахметтің туған жері Катонқарағай ауданында өтетін ауқымды республикалық шаралармен жалғаспақ.

    Жастардың жыр көкжиегін кеңейтіп, жаңа есімдердің қалыптасуына жол ашатын бұл мектеп – Шығыстағы рухани ортаның жаңа тынысы.

    Ұлттық өнердің шамшырағы сөнбесін! Жаңа буын ақындарына ақ жол!

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей