«Абайдың Тоғжаны» сұлулық пен интеллект байқауы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Абайдың Тоғжаны» сұлулық пен интеллект байқауы
    БасқаАяқталды

    Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Абайдың Тоғжаны» атты облыстық байқауы өтті.

    Жоғары сынып оқушылары (10-11 сыныптар), орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері арасынан 16 мен 25 жас аралығындағы қыз балалар қатысқан байқау төмендегідей кезеңдерден тұрды:

    - «Әсемпаз болма әрнеге» атты таныстыру кезеңі (қатысушылардың сыртқы келбет, тұлғалық қасиеттері және өзіне деген сенімділігі бағаланды);

    - «Өнерге әркімнің-ақ бар таласы» шығармашылық кезеңі: (Абайдың ойлы өлеңдері мен қара сөздерінен үзінді оқылды, Абайдың әндері орындалды);

    - «Жасымда ғылым бар деп ескермедім » сұрақ-жауап кезеңі: (қатысушыларға Абайдың шығармашылығы бойынша сұрақтар қойылды. Бұл кезеңде қатысушылардың интеллектуалды деңгейі, ой-өрісі және тапқырлығы анықталды).

    - «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» дефиле немесе сән көрсету кезеңі: (қатысушылар ұлттық киімдермен дефиле жасады, өздерінің жүріс-тұрысын, сахна мәдениетін көрсетті).

    Аталмыш байқауда «Үш қыздың анасы», «Қызыма хат» кітаптарының авторы, «НҰР САНА» білім беру орталығының және «Ханшайымдар академиясының» құрушысы, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің ШҚО филиалының төрайымы Темірханова Нұрия Сейітбекқызы; ҚР «Мәдениет саласының үздігі», әнші, актриса Лақаева Шолпан Кеңесханқызы және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Байғабылова Мархабат Арманқызы өздерінің әділ бағаларын беріп төрелік етті.

    Қазылар алқасы сараптай келе қатысушыларға төмендегідей баға берді:

    • «Көрермен көзайымы» номинациясы - Бағыдашай Мерей, «Герасимовка орта мектебінің» КММ педагог-ұйыстастырушысы;
    • «Тапқыр қыз» номинациясы - Жәнібекова Жанель, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№49 жалпы білім беретін мектебінің» 11 сынып оқушысы;
    • «Көрікті қыз» номинациясы - Шемпаева Рината, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№42 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
    • «Дарынды қыз» номинациясы - Абылмажинова Аяулым, Абай атындағы Шығыс қазақстан гуманитарлық колледжінің 1 курс студенті
    • 3 орын - Нұрланқызы Шұғыла, Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің 4 курс студенті;
    • 2 орын - Ақиқатқызы Іңкәр, Ахмер орта мектебінің 11 сынып оқушысы алды;
    • 1 орын - Кульчарова Зарина, «Қалжыр орта мектебінің» 10 сынып оқушысы;
    • Бас жүлде - Серік Іңкәр, Қазақстан Американдық Еркін университетінің 3 курс студенті

    Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтармен және қаламыздағы сұлулық салондарының қызметі ұсынылған сертификаттармен марапатталды.

    «Абайдың Тоғжаны» байқауы арқылы біз Абайдың мұрасын бағалап, жастарымызды ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға ықпал жасадық деп ойлаймыз.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей