Машина жасау және металл өндеу бойынша VI халықаралық мамандандырылған көрме

    Орны
    Ехpo Астана
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Машина жасау және металл өндеу бойынша VI халықаралық мамандандырылған көрме
    КөрмеАяқталды

    Kazakhstan Machinery Fair 2025: Машина жасау және металл өңдеу саласындағы басты оқиға

    2025 жылғы 23 – 25 сәуір аралығында «EXPO» халықаралық көрме орталығында (Астана қаласы)Машина жасау және металл өңдеу бойынша VI Халықаралық мамандандырылған көрме —Kazakhstan Machinery Fair өтеді.

    Бұл өнеркәсіптік жабдықтар мен технологиялар саласындағы ең жаңа технологиялармен танысудың, іскерлік серіктестер мен өнім берушілерді табудың, саланың болашағы туралы сараптамалық ақпарат алудың бірегей мүмкіндігін ұсынатын Орталық Азиядағы ең ірі салалық оқиғалардың бірі.

    Көрмеге келушілер мыналарды істей алады:

    • Ең жаңа жабдықтар мен білдектерді тестілеу. Технологияларды іс жүзінде көру, өндірістік процестерді оңтайландыруға арналған құралдар мен шешімдерді сынап көру.
    • Қазақстандағы жабдықтар мен технологиялардың ең кең таңдауымен танысу. Көрмеде озық технологиялар мен инновациялық шешімдерді көрсететін жетекші отандық және шетелдік компаниялардың әзірлемелері ұсынылатын болады.
    • Нарықтың жаңалықтары туралы бірінші болып білу. Машина жасау мен металл өңдеудегі үрдістер мен шешімдер туралы өзекті ақпарат алу.
    • Жаңа іскерлік байланыстар орнату. Жаңа өнім берушілерді табу, ағымдағы серіктестермен байланысты нығайту және ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту.

    Нені көруге болады?

    Көрмеде шынайы өндірістік міндеттерді шешуге көмектесетін және технологиялардың мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсететін жабдықтар мен шешімдер ұсынылады. Іс-шараға250-ден астам компанияқатысады, оның ішіндеәлемнің 18+ елінен 70+ шетелдік кәсіпорын. Келушілер металл өңдеуге, пісіруге, коррозияға қарсы қорғауға арналған жабдықтардың тиімділігін дәл сол жерде тестілеп көріп, олардың кең ассортиментімен, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін арттыруға арналған шешімдермен таныса алады.

    Көрменің тақырыптық бөлімдері:

    • Металл өңдеуге арналған білдектер мен жабдықтар;
    • Майлау материалдары және салқындатқыш сұйықтықтар;
    • Жабдықтарды жөндеу, жаңғырту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер мен қызметтерді беру;
    • Пісіру жабдықтары мен материалдары;
    • Мамандандырылған жабдықтама мен құралдар;
    • Коррозиядан қорғау технологиялары;
    • Еңбекті қорғау және жеке қорғану құралдары.

    Іскерлік бағдарлама

    Қазақстан машина жасаушылар одағы ұйымдастырған Қазақстан машина жасаушыларының XII Форумы мынадай өзекті тақырыптарды талқылау үшін негізгі алаңға айналады:

    • Өнеркәсіпті цифрландыру және жаңғырту;
    • Инвестициялар мен жас мамандарды тарту;
    • Халықаралық ынтымақтастық және технологиялармен алмасу.

    B2B-кездесулер мен серіктестік байланыстарды орнату үшін мүмкіндіктер ашатын қосалқы келісімшарттар биржасына ерекше көңіл бөлінетін болады.

    Көрмеде кімдер ұсынылады?

    Қатысушылар арасында - мынадай жабдықтарды жетекші өндірушілер мен берушілер:

    BODOR, «Keruen tech trade» ЖШС, «ПАКС групп» ЖШС, "ҚазАзот" АҚ, «АгромашХолдинг KZ» АҚ, "Vogelsang", «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ ("АвтоТехЛайн" ЖШС), «InTechSol» ЖШС, KAPP GmbH & Co. KG, «Азия Сварной» ЖШС, «Welding Company» ЖШС, «РАЙД» ФИРМАСЫ» ЖШС, SHANGHAI DERATECH IMPORT & EXPORT CO.,LTD, HERMLE WWE AG, "MAKER" ЖШС, LINSINGER MASCHINENBAU, ISCAR Kazakhstan Ltd жекеменшік компаниясы, "WeldExpert" ЖШС, Gesac және басқа да көптеген компаниялар.

    Өтетін орны

    📍 «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1.

    Көрмеге қалай келуге болады?

    Алдын ала тіркелу шартымен барлық келушілер үшінкіру тегін. Бейдж/QR-код алу үшінмына сілтеме арқылы өтіңіз.

    Тіркелу үшін сілтеме

    https://digital-aex.com/kk/registration/kmf_reg_25/with_promo_code?code=MPSKMF25



    Ұқсас материалдар

    КөрмеЖақында

    Халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесі

    Сіздерді 2026 жылы 21–22 қазан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін Қазақстандық халықаралық пластмасса және химия өнеркәсібі Plastex Qazaqstan 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме Қазақстанның химия және полимер өнеркәсібі үшін стратегиялық алаң ретінде өзін дәлелдеген. Ол халықаралық және отандық компани...

    21 қазан 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қаласы, «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесі

    Сізді 2026 жылы 2–4 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» ҚІЫО-да өтетін 18-ші Халықаралық Жылыту, сумен жабдықтау, сантехника, ауаны баптау мен желдетуге арналған тұрмыстық және өнеркәсіптік жабдықтар – Aquatherm Almaty 2026 көрмесіне шақырамыз. Көрме өз беделін коммуникациялық платформа ретінде көрсетті жә...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеЖақында

    KAZBUILD 2026: ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСТЫ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ӘЛЕМНІҢ ТҮКПІР-ТҮКПІРІНЕН САЛА КӨШБАСШЫЛАРЫН ЖИНАЙДЫ

    Сіздерді 2026 жылғы 2-4 қыркүйек аралығында Алматы қаласында, «Атакент» ҚІЫО аумағында өтетін 32-ші Қазақстандық халықаралық Құрылыс және интерьер KazBuild 2026 көрмесіне шақырамыз. Үш онжылдықтан астам уақыт бойы бұл іс-шара құрылыс қауымдастығы үшін беделді коммуникациялық алаң, озық технологияларды, инновациялық мат...

    2 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан Республикасы, Алматы қ., «Атакент» ҚІЫОӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КездесуАяқталды

    АНОНС!

    2026 жылғы 26 маусым күні ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетекшілік ететін мәселелер талқыланады. Кездесу сағат 10:00-де Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қа...

    26 маусым 2026 ж.Тікелей
    Alikhan Bokeikhan University ғимаратында, Семей қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 (4-қабат, мәжіліс залы) мекенжайында өтедӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КонгрессАяқталды

    Астанада XVI Халықаралық тау-кен-металлургия AMM 2026 конгресі өтеді

    2026 жылғы 11–12 маусым аралығында Қазақстанның елордасы Астана қаласында елдің индустриялық күнтізбесіндегі ең маңызды оқиғалардың бірі — Astana Mining and Metallurgy 2026 халықаралық тау-кен-металлургия конгресі мен көрмесі өтеді. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі AMM алаңының шикізатты терең...

    11 маусым 2026 ж.Тікелей
    Қазақстан, Астана қаласы, Hilton Astana қонақ үйі, Гейдар Әлиев көшесі, 14Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    Астанада Қазақстанның автомобиль индустриясын дамытуға арналған халықаралық Automechanika Astana 2026 көрмесі өтеді

    2026 жылғы 10–12 маусым аралығында Астана қаласындағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында Automechanika Astana 2026 халықаралық көрмесі өтеді. Бұл Орталық Азиядағы автокомпоненттер, техникалық қызмет көрсету станцияларына арналған жабдықтар, сервистік және логистикалық шешімдер, майлар, техникалық сұйықтықтар мен авто...

    Республикалық форумАяқталды

    АНОНС

    2026 жылғы 30 мамыр күні Көкшетау қаласында «AQMOLA URBAN FORUM: Реновация және заманауи урбанизация» атты республикалық семинар-кеңес өтеді. Форумға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов қатысады. Іс-шара барысында:— аумақтарды реновациялау;— қалалық ортаны дамыту;— құрылыс салас...

    30 мамыр 2026 ж.Тікелей
    «AQMOLA DIGITAL», Көкшетау қаласыӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі
    КөрмеАяқталды

    COMTRUX ASTANA 2026: КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӨЛІК ПЕН АВТОЖОЛ ЛОГИСТИКАСЫНА АРНАЛҒАН ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АЛАҢ

    2026 жылғы 5-7 мамыр аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында Comtrux Astana коммерциялық көлік пен автожол логистикасына арналған жаңа халықаралық көрме өтеді. Messe Frankfurt GmbH лицензиясы бойынша ұйымдастырылатын Comtrux Astana көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы салалық көрме нарығының...

    5 мамыр 2026 ж.Тікелей
    EXPO халықаралық көрме орталығындаӨнеркәсіп және құрылыс министрлігі