«Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы
    КонкурсАяқталды

    2025 жылдың 10 қаңтарынан 10 ақпаны аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхананың ұйымдастыруымен ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллаұлының шығармашылығына арналған «Ғабдуллин оқуына» қатысуға өтініштер мен шығармашылық жұмыстарды қабылдауды бастады.

    Шараның мақсаты: Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеу және насихаттау, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту.

    Серік Ғабдуллаұлы Ұлан ауданы, Шымқора ауылында 1937 жылы дүниеге келген. Алматыдағы Қазақтың мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түсіп, оны 1966-жылы тәмамдады. Еңбек жолын Өскемендегі «Коммунизм туы» (қазіргі «Дидар») газетінде кіші әдеби қызметкерден бөлім меңгерушісіне дейінгі журналистік жолда табиғи талантын таныта білді.

    Серік Ғабдуллаұлының облыс өмірінде алар орны ерекше. 1991-жылдан Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы болып қызмет атқарды. Өскеменде тұратын басқа ұлт өкілдерінің «Мәдени орталығын» құруға бастама көтеріп, облыстық «ақсақалдар алқасын» құруға да мұрындық болды. Сол жылдары облыстық айтыскерлер мен Өскемен қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебін ашып, жас таланттардың шығармашылық қалыптасуына жетекшілік жасады.

    2007-жылы Қазақстан Республикасы президентінің «Құрмет грамотасын» алса, 2009 жылы «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағына ие болды.

    Оның қаламынан туындаған «Көктем лебі», «Бұқтырма сарыны», «Көктем – көкөрім шағым», «Ақ босаға», «Жылдардан жеткен жаңғырық», т.б. кітаптары және жетпіс жасқа толуына байланысты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрген. 2013 жылы 75 жасқа толуына орай «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан өлеңдер жинағы жарық көрді. 2014 жылы 22 қаңтарда Өскемен қаласында қайтыс болды. Туған жері Ұлан ауданы Шымқора ауылында жерленген.

    Ғабдуллин оқуына орта мектеп оқушылары (5-8 сыныптар), жоғары сынып оқушылары (9-11 сыныптар), орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады.

    Ғабдуллин оқуы мемлекеттік тілде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

    - С. Ғабдуллинге арналған арнау өлеңдер;

    - С. Ғабдуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.

    Қатысушы байқауда осы тапсырмалардың біреуін ғана орындау арқылы бақ сынай алады.

    Аталмыш шарада С. Ғабдуллин атындағы облыстық байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздар марапатталып, нәтижесі кітапхана сайтына, әлеуметтік желідегі кітапхана парақшаларына қойылатын болады.

    Шара жеңімпаздарын маратпаттау рәсімі 19 ақпан күні, сағат 14.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада өтеді.

    Шын талантты ұлықтайтын дүбірлі додадан қалыс қалмаңыздар! Біз сіздерді байқаудың жеңімпаздары анықталатын еске алу кешінде күтеміз!

    Байланыс тел.: 261333

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей