«Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері

    Орган
    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері
    НазначениеАяқталды

    «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері

    Ел мен жердің тарихынан тағылым алып, өнеге өрген өлкеден аңыз ғибратын ұғынудың өзі бір ғанибет.

    25 қазан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтті.

    «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағына Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау аталауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі, Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырман үшін өте қызықты деп ойлаймыз.

    Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы Шығыс Қазақстанның тарихи мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеп, сақтаумен айналысып келеді.

    Аңыздардың үш тілде шығарылуы ішкі-сыртқы туризмнің дамуына оң әсерін тигізіп, ақпаратқа деген қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

    Зиза Мұхтарханқызы өз сөзінде мәдени мұраны сақтау мен жастарды туған ел аңыздарын зерттеуге тартудың маңыздылығына тоқталды. Шараға қатысушылар өлкенің тарихы мен болмысын тану үшін топонимикалық зерттеулердің маңыздылығын талқылады.

    Тұсаукесерде көптеген оң пікірлер мен ізгі тілектер айтылып, қонақтар мұндай шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.

    «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағы кітапхана қорын байытып қана қоймай, облысымыздың мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға қосылған маңызды үлеске айналады.

    Ұқсас материалдар

    КездесуАяқталды

    «Алтын тау Алтайым» кітабының тұсаукесері

    3 шілде күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында әнші-сазгер, мәдениет саласының ардагері Серік Сұлтанғалиұлы Бабахановтың «Алтын тау Алтайым» атты кітабының тұсаукесер кеші өтті. Ұлттық домбыра күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды басқосу қазақ ән өнерін қадірлейтін қауымның басын қосты. Кешті...

    3 шілде 2026 ж.Тікелей
    Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында
    КездесуАяқталды

    «Журналистика жүрек ісі» кездесу

    30 маусым күні Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында белгілі журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Дидар» газетінің ардагері Ғафура Сәрсенбайқызымен кездесу өтті. Рухани басқосуда қаламгер оқырмандармен емен-жарқын әңгімелесіп, өмір жолынан сыр шертті. Кездесу барысында журналист...

    30 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті

    21 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің төртінші күні өтті. Маусымның соңғы аккорды ретінде «Alem Sazy» вокалды-аспаптық ансамблінің «Одинокий саксофон в седой ночи» атты конц...

    21 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті

    20 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің үшінші күні өтті. Бұл кеште ШҚО әкімінің симфониялық оркестрі бас дирижері, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Александр Галсановтың жетекшіл...

    20 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті

    19 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің екінші күні өтті.Көрермен назарына Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері, Мәдениет саласының үздігі Шалқар Ыр...

    19 маусым 2026 ж.Тікелей
    КонцертАяқталды

    «Big Band» джаз оркестрі «Вечер в ритме Jazz» атты концерті

    18 маусым күні қаланың Орталық алаңында Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары мен солистерінің концерттік маусымның жабылуына арналған қорытынды концерттерінің алғашқы күні өтті. Қорытынды концерттер легін дирижер, «Мәдениет саласының үздігі» Александр Адамовтың жетекшілігіндегі «Big Band» джаз...

    18 маусым 2026 ж.Тікелей
    КездесуАяқталды

    А.С. Пушкин атындағы кітапханада 1 маусым мерекесі атап өтілді

    А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған бұл шара кітапхана ауласын балалардың шат күлкісіне, шығармашылық пен сиқырға толы үлкен интерактивті алаңға айналдырды. Ұйымдастыруш...

    1 маусым 2026 ж.Тікелей