Жамбыл және Райымбек аудандарында «Таза Қазақстан» акциясы бойынша пресс-релиз

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    КездесуАяқталды

    Жамбыл және Райымбек аудандарында «Таза Қазақстан»акциясы бойыншапресс-релиз

    Өтетін орны: Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылдық округі, Қарғалы өзені.

    Райымбек ауданы, Нарынқол ауылдық округі, Байнқол өзені.

    Уақыты: 04.07.2024ж. сағат 09:00, 10:00.

    «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Алматы облысының тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысуда.

    Бүгінгі экологиялық іс-шараларға Алматы облысың жүздеген тұрғындары жиналды, олардың арасында жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдар, белсенділер және волонтерлер бар.

    Акцияның басты мақсаты - ортақ үйімізді таза және көрікті мекен ету, экологиялық мәселелерді басты назарға алып, қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

    Жамбыл ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жастар, кәсіпорын қызметкерлері мен аудан тұрғындарының қатысуымен Қарғалы өзенінің жағалауында тазалық жұмыстары жүргізіліп, айналасы қоқыстан тазартылды. Аталған іс-шараға жүздеген тұрғындар қатысып, өзен жағалауының тазаруына өз үлестерін қосты.

    2024 жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 7 мыңнан астам адамның, 369 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 100 аула, 65 көп қабатты тұрғын үйлер, 44 жеке тұрғын үй, 14 саябақ пен алаң, 7 тарихи мәдени ескерткіштер, 211 әлеуметтік нысандар, 8 өнеркәсіп және бизнес объектілерлері, 155 шаршы метр өзен жағалауы және 121 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 15 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Жоғарыда аталған ауданда 29 маусым күні 1569 адамның, 64 кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 11 аула, 9 көп қабатты тұрғын үйлер, 3 саябақ пен алаң, 4 тарихи мәдени ескерткіштер, 65 әлеуметтік нысандар, 5 өнеркәсіп және бизнес объектілерлері, 35 шаршы метр өзен жағалауы және 27 метр арық бойы тазаланып, 9 жүк көлігінің тасымалдауымен 3 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Райымбек ауданы Нарынқол ауылдық округінің тұрғындары Байынқол өзенінің арнасын тазарту бойынша сенбілікке шықты. Экологиялық іс-шараға 50-ден астам адам қатысты, тазарту жұмыстарына 1 самосвал, 1 трактор жұмылдырылды. Өзен арнасын тазарту су ресурстары учаскесіне күтім жасау және оған ұқыпты қарау бойынша маңызды іс-шара болып табылады.

    Райымбек ауданында жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 24000 адам, кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің қатысуымен 467 аула, 1000 жеке тұрғын үй, 11 саябақ пен алаң, 42 тарихи мәдениет ескерткіші, бизнес нысандары, өзен жағалауы мен арықтың 28700 шаршы метрі тазаланып, 185 жүк көлігінің тасымалдауымен 310 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды.

    Акция соңында қатысушыларға ашық ауада флэшмоб ұйымдастырылды, оған әр түрлі тақырыптағы үш команданың жарыстары кірді. Бұл іс-шараларға 150-ден астам адам қатысты. Қорытындысы бойынша қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, бұл өңірлерде экологиялық сауатты арттыру және қоғамдық орындарда тазалықты сақтау мақсатында "Тазалық сақтайық" атты челлендж ұйымдастырылды.

    Айта кететін болсақ, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қазіргі таңда мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары тартылды. Облыс бойынша барлығы 450 мың адам қатысты, 850-ден астам ескерткіштер мен мұражайлар тазартылды, 19 506 тонна қоқыс шығарылды, 45 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды, 2304 бірлік мамандандырылған техника тартылды. Облыстың 340 мың оқушысының қатысуымен «Өз ағашыңды отырғыз» акциясы ұйымдастырылды.

    Ұқсас материалдар

    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 15 шілдеде «Ашық диалог» порталында «Спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме...

    15 шілде 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау

    «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқауы туралы» ҚР Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы) сәйкес 2026 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» байқауының басталғаны туралы хабарлама жасалды. Осы хабарламағ...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    2026 жылы «Еңбек жолы» конкурсын өткізу туралы хабарлама

    Жастарды еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және арттыру мақсатында 2026 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» конкурсын өткізеді. Оған барлық саладағы кәсіпорындар қызметкерлері қатыса алады (салаға қарамастан).Конкурс келесі номинациялар бойынш...

    14 сәуір 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «ҚАПШАҒАЙ БИДАЙ ӨНІМДЕРІ» ЖШС мектеп пен колледж түлектерін Қытай Халық Республикасында демеушілік бағдарлама бойынша оқуға шақырады

    🎓 ҚЫТАЙДА ТЕГІН БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ! 🏫 Оқу орны:Янчжоу политехникалық институты (Yangzhou Polytechnic Institute, YPI) 📚 Мамандығы:«Мехатроника» (инженерлік-техникалық факультет) ⚙️ Мехатроника – Цзянсу провинциясының басым мамандықтарының бірі. Бағдарлама күрделі электрмеханикалық жүйелерді қызмет көрсету, жөндеу ж...

    24 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Негізгі конституциялық заңдар топтамасы

    2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтті. Елде жаңа Конституция қабылданды. Елдің жаңартылған Негізгі заңы ресми түрде 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Жаңа конституциялық нормаларды мемлекеттік басқару жүйесіне енгізу мақсатында Мемлекет басшысы негізгі конституциялық заңдар топтамасына қ...

    23 маусым 2026 ж.Тікелей
    БасқаАяқталды

    Общественные места - территория взаимного уважения

    Қоғамдық орындар – өзара сыйластық аумағы. Саябақтар, алаңдар, гүлзарлар мен аулалар адамдардың демалып, қарым-қатынас жасауына арналған. Бұл кеңістіктердің баршаға жайлы болуы үшін қарапайым мінез-құлық нормалары мен қоғамдық тәртіп талаптарын сақтау маңызды. Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың құқықт...

    22 маусым 2026 ж.Тікелей
    Интернет-конференцияАяқталды

    Интернет-конференция

    Алматы облысының әкімдігі 2026 жылғы 16 маусымда «Ашық диалог» «Бас жоспарды әзірлеу тәртібі» тақырыбында интернет-конференция өткізеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Алматы облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасының қызметкерлері жауап береді. Интернет-конференцияға келесі сілтеме бойынша қатыса аласыз https://dialo...

    16 маусым 2026 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    Интернет-алаяқтықтан қалай қорғануға болады

    Соңғы уақытта интернет-алаяқтық жағдайлары жиілеп кетті. Алаяқтар өздерін банктердің, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік органдардың, байланыс операторларының және басқа да ұйымдардың қызметкерлері ретінде таныстыруы мүмкін. Алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін төмендегі ұсыныстарды сақтау қажет: бөгде адамдарға ЖСН-...

    12 маусым 2026 ж.Тікелей