Конституциялық заңның 28-бабының 3-тармағына сәйкес «Простор-Atbasar» газетінің редакциясы сайлау алдындағы жұмыс үшін ақпараттық хабарламаның баспа алаңын ұсынады.
Газет редакциясы үгіт материалдарын жариялаудың кезегін олардың редакцияға келіп түсуімен байланыстырады.
Үгіт материалдарын газет бетінде орналастыруды газет редакциясы өзі айқындайды. Үгіт материалдары «Простор-Atbasar» газетінде «Сайлау-2026» айдарымен жарияланады.
Ұсынылған сайлау материалдары үшін 1 шаршы сантиметр төлем мөлшері - 300 (үш жүз) теңгені, кандидаттар, саяси партиялар үшін 300 (үш жүз) теңгені құрайды.