Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    ·

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңаӘдістемесі күшіне енді

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 [1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің ресми интернет-ресурсында есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін (ТЖШ) жариялады.

    Жаңа Әдістемеге сәйкес ТЖШ мөлшері болашақтағы нысаналы зейнетақы төлемдерінің көрсеткіштеріне негізделіп айқындалады және салымшының әрбір жасына қарай ай сайынғы төлемдердің келтірілген құнын есептеудің стандартты формуласы арқылы есептеледі.

    Аталған формула болашақтағы төлемдердің тұрақтылығы мен болжамдылығын қамтамасыз ету үшін ұзақ мерзімді демографиялық (ұлттық демографиялық кестелер) және қаржылық (кірістілік мөлшерлемелері мен төлемдерді индекстеу көрсеткіштері) факторларды ескереді.

    Төлемдердің келтірілген құнын есептеу формуласы қажетті жинақ көлемін анықтаудың халықаралық тәжірибесіне негізделген. Сондықтан есептеу нәтижелері макроэкономикалық көрсеткіштер болжамдарының өзгеруіне азырақ тәуелді болады. Сонымен қатар есептеулерде бұрынғыдай республикалық бюджет туралы заңмен жыл сайын белгіленетін ең төменгі зейнетақы мен ең төменгі жалақы мөлшерлері пайдаланылады.

    Бұл ретте формулада жинақтың бір бөлігін пайдаланған сәттен бастап зейнеткерлік жасқа дейінгі кезеңде түсетін болашақ зейнетақы жарналары есепке алынбайды. Мұндай тәсіл жинақтарының бір бөлігін пайдаланған азаматтардың болашақта төмен мөлшердегі жинақтаушы зейнетақы алу қаупін азайтуға бағытталған.

    Сонымен бірге зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделуге пайдалану құқығы сақталады. Зейнетақысы бұрынғы табысының кемінде 40%-ын құрайтын зейнеткерлер тұрғын үй және емделу мақсаттарына жинақтарының 50%-ына дейін пайдалана алады. Сондай-ақ зейнетақы аннуитеті шартын жасаған азаматтар мен мемлекеттен еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алатын тұлғалардың зейнетақы шотында қалған қаражатты толық көлемде пайдалану құқығы бар.

    Ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинақтарды пайдалану мүмкіндігі де сақталады. Алайда азаматтардың болашақта жеткілікті әрі тұрақты зейнетақы төлемдерін алуын қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріле отырып, алуға болатын қаражат көлемін айқындау тәсілдері жетілдірілуде.

    ТЖШ мөлшері салымшының жасына қарай 79% және одан жоғары өсті. Яғни зейнеткерлік жас жақындаған сайын болашақтағы зейнетақы төлемдеріне қойылатын талаптар күшейіп, зейнетақы шотында сақталуға тиіс қаражат көлемі де артады. Осыған байланысты зейнеткерлік жасқа жақындаған азаматтар үшін ТЖШ мөлшері екі еседен астам ұлғайды.

    Бұл олардың зейнетақы жинақтарының шоттарында сақталып, әрі қарай инвестициялануын қамтамасыз етеді және болашақтағы зейнетақы төлемдерінің едәуір артуына мүмкіндік береді. Бұрынғы Әдістеме бойынша жинақтың бір бөлігін алғаннан кейінгі төлемдер медиандық жалақының шамамен 15%-ын құраса, жаңа Әдістеме бойынша бұл көрсеткіш медиандық жалақының шамамен 40%-ына дейін жетеді.

    Осылайша, ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындаудың жаңа әдістемесі салымшылар үшін неғұрлым ашық әрі болжауға ыңғайлы және халықаралық стандарттарға сәйкес азаматтардың зейнеткерлік кезеңде тұрақты зейнетақы кірісімен қамтамасыз етілуіне бағытталған.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    [1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422 қаулысы «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесін, алушының орташа айлық кірісін зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 521 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында.

    Аудан әкімі -Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 40 376 адам, оның ішінде – қалалық – 29 622, ауылдық – 10 754 адам...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 шілдеде тағайындалған Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113, 10-баптарына сәйкес...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 86, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

    ТЖШесептеудіңжаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған ​ Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шект...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

    Сайлаушылартізімітұрақтытіркеунегізіндежергіліктіатқарушыоргандармен(әкімдіктер)тұрғылықты жері бойынша жасалатынын назарларыңызғажеткіземіз.Тұрақтытіркеуіжоқне тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтына...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 3 тоқсанына арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесі

    3 тоқсанға арналған тізбе

    Жарияланды: