Часто задаваемые вопросы по внеочередным выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан

    Атбасар ауданының әкімдігі

    Часто задаваемые вопросы по внеочередным выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан

    1

    Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді?

    2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Сайлау науқаны барысында астананың,облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың 228 мәслихатына 3 447 депутат сайланады.

    2

    Мәслихаттар дегеніміз не және олардың депутаттары қалай сайланады?

    Мәслихаттар – тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін және оны іске асыру бойынша қажетті шараларды белгілейтін, сондай-ақ олардың жүзеге асырылуын бақылайтын жергілікті өкілді органдар.

    Мәслихаттар депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.

    Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады.

    3

    Кім мәслихат депутаты болып сайлана алады?

    Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болаалады.

    Сотіс-әрекеткеқабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындаотырғаназаматтардың;

    сотталғандығы заңменбелгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмағанадамның;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсінсот заңда белгіленген тәртіппентанығанадамныңсайлануға құқығы жоқ.

    .

    4

    Мәслихат депутаттары қандай сайлау жүйесі бойынша сайланады?

    Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша сайланады. Біртұтас аумақтық сайлау округінің аумағы бойынша пропорционалды өкілдік жүйесі бойынша депутаттардың жартысы, екінші жартысы - бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Аудандар мен қалалар мәслихаттарының депутаттары бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.

    Мәслихаттар депутаттығына:

    - партиялық тізімдер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға;

    - бірмандаттық аумақтық сайлау округтер бойынша сайланатын кандидаттарды ұсыну құқығы – саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі.

    Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.

    Ешкім біреуден артық сайлау округінде кандидат болып ұсыныла алмайды.

    5

    Сайлаушылар өздерінің сайлаушылар тізіміне енгізілгенін қашан және қайдан тексере алады?

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап сайлаушыларға нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізіміндегі немесе тиісті әкімдіктің колл-орталығы арқылы өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

    6

    Неліктен мәслихат депутаттарын сайлауда сайлау бюллетеньдері түрлі түсті болады?

    2026 жылғы 29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында бюллетеньдердің түсі мәслихат деңгейіне және депутаттарды сайлау тәсіліне қарай ерекшеленеді. Бұл сайлаушыларға бюллетеньдерді оңай ажыратуға мүмкіндік береді.

    Сайлау бюллетеньдері төрт түсте болады:

    ·Көгілдір– астананың,облыстардың, және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын партиялық тізімдер бойынша сайлау үшін.

    ·Жасыл– астананың,облыстардың,және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттары депутаттарын бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау үшін.

    ·.

    Күлгін– облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау үшін.

    ·

    ·Қызғылт сары– аудандық мәслихаттардың депутаттарын сайлау үшін.

    Барлық бюллетеньдер А5 форматында дайындалады. Оларда дауыс беруге қажетті мәліметтер, «Бәріне қарсымын» деген жол және белгі қоюға арналған орындар болады.

    Жүктеу
    ec0f3c1b5f1686ada5d83d7d83bbd6b26f5243c59057cdb8571da325a3d49e24_original.2160666.docx
    DOCX · 2,1 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті.

    Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Қуаныш К...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру туралы ақпарат.

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат. Скрининг.

    Қазақстан РеспубликасыЭкологияжәнетабиғи ресурстарминистрлігі «Ақмола облысы, Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Сізге «Ақмолаоблысы,Атбасарауданы,Полтавка ауылын даму және құрыл...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    13.11.2026 ж. «Простор-Атбасар» газеті

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Атбасар ауданы Полтавка ауылының даму және құрылыс салу схемалары (шағын елді мекеннің бас жоспарының оңайлатылған нұсқасы)

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы

    Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994 жылғы 8 маусымдағы қаулысы. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңес қаулы етеді: Нью-Йоркте 1994 жылғы 16 ақпанда қ...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 12 наурыздығы № 253-IV Заңы 1993 жылғы 29 мамырда Гаагада қабылданған...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 48-V Заңы 1980 жылғы 25 қазанда Гаагада жасалған Балаларды халық...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды: