Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-қазан айларында.

    Атбасар ауданының әкімдігі

    Қорытынды туралы анықтама

    Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы

    2026 жылғы қаңтар-қазан айларында.

    Аудан әкімі -Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

    2026жылғы 1 қазандағыжағдай бойынша халық саны – 40043 адам, оның ішінде – қалалық –29 427,ауылдық –10 606адам.

    Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.

    Ауданның мамандануы– машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.

    I. Экономика

    Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі22 млрд. 260 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнің 24% төмен (2025 жылы - 29 млрд. 173 млн. теңге).

    Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1% құрады.

    Өнеркәсіп өнімінің НКИ 97,5% құрады.

    Төмендеу себептері:«Қамқор Локомотив»ЖШС филиалының«АЭРЗ»дағы төмендеуіне байланысты.

    Ауыл шаруашылығы

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі76 млрд. 118 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 6% жоғары (2025 жыл71 млрд. 813 млн. теңге).

    Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 106,3% құрады.

    Мал шаруашылығы

    2026 жылғы 1 қарашаға шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.

    Мал басы:

    Өсу:

    ІҚМ 9,3% және 20,2 мың басты құрады;

    сиыр 10,7% - 9,6 мың бас;

    қой мен ешкі 2,5% - 49,5 мың басқа;

    шошқа 8,5% - 3,2 мың бас;

    жылқы 11,7% - 20,9 мың бас.

    4 105 тонна ет(4,8% жоғары), 13 497,7 тонна сүт(8,4% жоғары), 7 067,3 мың дана жұмыртқа(2,6% жоғары)өндірілді.

    Негізгі капиталға инвестициялар

    Негізгі капиталға салынған инвестицияларкөлемі 14 млрд. 868 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 28% төмен (2025 жылы - 20 млрд. 671 млн. теңге). Өз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 7 млрд. 882 млн. теңгені, бюджет қаражаты 4 млрд. 148 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 2 млрд. 838 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, жылу желілерін салуға, аурухананы күрделі жөндеуге, мектептерді, жолдарды жөндеуге бағытталған.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 66,4% құрады.

    Төмендеу себебі:инвестициялардың жалпы көлемінің төмендеуі бюджеттік салымдардың айтарлықтай қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджеттік инвестициялар көлемі 4 млрд. теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 10 млрд.теңгеге жетті, төмендеу 60% құрады.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі5 млрд. 394,9 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 49,6% төмен (2025 жылы-10 млрд. 696 млн. теңге).

    Құрылыс жұмыстарының НКИ 45,1% құрады.

    Төмендеу себептері:бюджеттік салымдардың қысқаруына байланысты.

    3 472 ш.м.тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңінің 112,5% ( 2025 жылы – 3 085 ш. м.), (2026 жылға арналған жоспар – 3 714 ш. м.).

    01.11.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері2 294 бірлік (2025 жылға – 2 605 бірлік) тіркелген.

    Төмендеу себебі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігінің таратылуына және қызметін тоқтата тұруына, сондай-ақ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жаңа кәсіпорындарды тіркеу қарқынының төмендеуіне байланысты.

    Бөлшек сауда

    Бөлшек тауар айналымының көлемі22 млрд. 417,9 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 100,8% құрады.

    2026 жылғы қаңтар-қазанда 18 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

    Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 2 434 адамды құрады. 1 255 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2026 жылға арналған жоспар 1270 адам).

    Жұмыссыз ретінде 597 азамат тіркелген .

    Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 2042(2026 жылға арналған жоспар 1926 адам), оның ішінде тұрақты 1467, уақытша 575.

    36,9 млн. теңге сомасына 181 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.

    2026 жылғы қаңтар–маусымда орташа айлық жалақы 353 431 теңгені (орташа облыстық көрсеткіш 391 634 теңге) құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 9,3% жоғары.

    «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы»бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

    жастар практикасына 35 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-30 адам);

    әлеуметтік жұмыс орындарына 23адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-22 адам);

    қоғамдық жұмыстарға 72 адам (2026 жылға арналған жоспар – 58 адам);

    күміс жасы - 17 адам(2026 жылға арналған жоспар – 16 адам);

    кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 53 адам;

    кәсіптік даярлау 18 адамды(жоспар 2026-18 адам);

    грант 12 адам(жоспар 2026 – 17 адам).

    Білім

    Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, Балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 95,1 % (1302 жылдан 1238 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% (763 бала) құрады.

    Оқу жылының қорытындысы бойынша аудан бойынша білім сапасы 67,6% құрады, бұл Ақмола облысындағы білім сапасы бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

    11 - сынып түлектері 246 адам, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер 11 адам, үздік аттестат 17 адам.

    Денсаулық сақтау

    Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.

    Ұлғайту:

    онкопатологиямен сырқаттанушылық 87 дан 91 жағдайға дейін;

    нәресте өлімі 1 жағдай (2025– 0 жағдай).

    Төмендеу:

    қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1665 дан 1157 жағдайға дейін;

    туберкулезбен сырқаттанушылық 4-тен 2 жағдайға дейін.

    Ана өлімі жоқ.

    Жүктеу
    ae8ba1a1e93dc3d764008b3ead570fb9063af5f5f2ba64fae982e1741e17ef25_original.85371.docx
    DOCX · 83 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    мониторинг бюджетных инвестиционных проектов за 9 месяцев 2026 года.

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер учаскелеріне құқықтар беру жөніндегі жер комиссиясының отырысы.

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар аудандық мәслихатының депутаттығына бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беру уақытын өзгеше белгілеу туралы хабарлама

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Часто задаваемые вопросы по внеочередным выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан

    Часто задаваемые вопросы по внеочередным выборам депутатов маслихатов Республики Казахстан 1 Қазақстан Республикасында мәслихат депутаттарының сайлауы қашан өтеді? 2026 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мәслихатта...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті.

    Аудандық әкімдіктің кіші залында 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық барысы қаралған аппараттық кеңес өтті. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық төтенше жағдайлар және азаматтық қорғау бөлімінің басшысы Қуаныш К...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Есеп

    Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру туралы ақпарат.

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Экология және табиғи ресурстар министрлігіне хат. Скрининг.

    Қазақстан РеспубликасыЭкологияжәнетабиғи ресурстарминистрлігі «Ақмола облысы, Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Сізге «Ақмолаоблысы,Атбасарауданы,Полтавка ауылын даму және құрыл...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды: