Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында.

    ·

    Аудан әкімі - Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді.

    2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 40 376 адам, оның ішінде – қалалық – 29 622, ауылдық – 10 754 адам.

    Аудан аумағында 13 ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала бар.

    Ауданның мамандануы – машина жасау, астық өндіріс, мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық өнімді қайта өндіру.

    1. Экономика

    Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 млрд. 978 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнің 32% төмен (2025 жылы-19 млрд.097 млн. теңге).

    Облыс көлеміндегі аудан өнеркәсібінің үлесі 1% құрады.

    Өнеркәсіп өнімінің НКИ 97,7% құрады.

    Төмендеу себептері:« Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының «АЭРЗ» дағы төмендеуіне байланысты.

    Ауыл шаруашылығы

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 7 млрд. 849 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 24% жоғары (2025 жыл 6 млрд.328,2 млн. теңге).

    Ауыл шаруашылығы өнімінің НКИ 104,9% құрады.

    Мал шаруашылығы

    2026 жылғы 1 шілдеге шаруашылықтардың барлық санаттарындағы мал мен құстың барлық түрлерінің мал басының динамикасы.

    Мал басы:

    Өсу

    ІҚМ 3,2% - 22,3 мың бас.

    сиыр 1,4% - 10,2 мың бас.

    жылқылар 5,5% және 20,8 мың басты құрады;

    шошқа 10,1%5,2 мың бас.

    Төмендеу

    қой мен ешкі 2,5% және 54,7 мың басты құрады.

    Төмендеу себептері: «Абдуалиевтер» ЖШС және «Сепе-2012» ЖШС малды жою және сату есебінен қой мен ешкі бойынша.

    2 722,1 тонна ет(5,5% жоғары), 7 739 тонна сүт(4% жоғары), 3 963,3 мың дана жұмыртқа (4,6% жоғары) өндірілді.

    Негізгі капиталға инвестициялар

    Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 8 млрд.085 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 21,9% төмен (2025 жылы - 10 млрд. 349 млн. теңге). Өз қаражаты есебінен инвестиция көлемі 3 млрд.728 млн. теңгені, бюджет қаражаты 2 млрд. 225 млн. теңгені, басқа қарыз қаражаты 2 млрд. 132 млн. теңгені құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығы техникасын, жабдықтарын сатып алуға, орталық қазандықты реконструкциялауға, жылу желілерін салуға, аурухананы күрделі жөндеуге бағытталған.

    Негізгі капиталға салынған инвестициялардың НКИ 74,3% құрады.

    Төмендеу себебі: инвестициялардың жалпы көлемінің төмендеуі бюджеттік салымдардың айтарлықтай қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджеттік инвестициялар көлемі 2,2 млрд. теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 4,7 млрд.теңгеге жетті, төмендеу 53% құрады.

    Сонымен қатар, жеке инвестицияларды тарту бойынша оң динамика байқалады. Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша жеке салымдардың көлемі 5,9 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішінен 4% жоғары (5,6 млрд теңге).

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 млрд. 547 млн. теңгені құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 49% төмен (2025 жылы - 5 млрд.005 млн. теңге).

    Құрылыс жұмыстарының НКИ 47,6% құрады.

    Төмендеу себептері: бюджеттік салымдардың қысқаруына байланысты. 2026 жылдың есепті кезеңінде бюджет қаражаты есебінен құрылыс көлемі 2,5 млрд теңгені құрады, ал 2025 жылдың ұқсас кезеңінде бұл көрсеткіш 4,6 млрд теңгеге жетті, төмендеу 46% құрады.

    2 714 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 2025 жылдың тиісті кезеңінің 100% (2025 жылы – 2 713 шаршы метр).

    01.07.2026 жылға жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 303 бірлік (2025 жылға – 2 572 бірлік).

    Төмендеу себебі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігінің таратылуына және қызметін тоқтата тұруына, сондай-ақ өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда жаңа кәсіпорындарды тіркеу қарқынының төмендеуіне байланысты.

    Бөлшек сауда

    Бөлшек тауар айналымының көлемі 12 млрд.821 млн. теңгені немесе 2025 жылдың тиісті кезеңіне 107,9% құрады.

    2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 12 ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілді.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

    Жұмыспен қамту органдарына жүгінген жұмыссыздар саны 742 адамды құрады. 605 жұмыссыз тұрақты орынға орналастырылды (2026 жылға арналған жоспар 1270 адам).

    Жұмыссыз ретінде 596 азамат тіркелген.

    Құрылған жаңа жұмыс орындарының саны 957(2026 жылға арналған жоспар 1926 адам), оның ішінде тұрақты 690, уақытша 267.

    23,2 млн. теңге сомасына 106 аз қамтылған отбасына әлеуметтік көмек тағайындалды.

    2026 жылғы қаңтар–наурызда орташа айлық жалақы 336 490 теңгені құрады (орташа облыстық көрсеткіш 378 763 теңге), бұл 2025 жылғы тиісті кезеңнен 10,9% жоғары.

    «Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» бағдарламасын іске асыру шеңберінде:

    жастар практикасына 7 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-30 адам);

    әлеуметтік жұмыс орындарына 15 адам жіберілді (2026 жылға арналған жоспар-22 адам);

    қоғамдық жұмыстарға 66 адам(2026 жылға арналған жоспар – 58 адам);

    күміс жасы - 13 адам(2026 жылға арналған жоспар – 16 адам);

    кәсіпкерлік негіздеріне оқыту - 43 адам;

    кәсіптік даярлау 9 адам (жоспар 2026 – 18 адам).

    Білім

    Ауданда 41 білім беру мекемесі жұмыс істейді (7 мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 1 бастауыш мектеп, 8 негізгі орта мектеп, 22 орта мектеп, Балалар музыка мектебі, балалар жасөспірімдер орталығы, «Олимп» дене шынықтыру-сауықтыру кешені).

    1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 95,1 % (1916 жылдан 1823 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін – 100% (1557 бала) құрады.

    Оқу жылының қорытындысы бойынша аудан бойынша білім сапасы 67,6% құрады, бұл Ақмола облысындағы білім сапасы бойынша үздік көрсеткіш болып табылады.

    11 - сынып түлектері 246 адам, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер 11 адам, үздік аттестат 17 адам.

    Денсаулық сақтау

    Ауданның денсаулық сақтау нысандары көпсалалы ауданаралық ауруханамен, емханамен, 8 дәрігерлік амбулаториямен, 16 медициналық пунктпен, 5 фельдшерлік-акушерлік пунктпен ұсынылған.

    Ұлғайту:

    онкопатологиямен сырқаттанушылық 45 тен 52 жағдайға дейін;

    нәресте өлімі 1 жағдай (2025-0 жағдай).

    Төмендеу:

    қан айналымы жүйесі органдарының аурушаңдығы 1034 дан 679 ға дейін;

    туберкулезбен сырқаттанушылық 1 жағдай (2025 – 2 жағдай).

    Ана өлімі жоқ.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 шілдеде тағайындалған Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113, 10-баптарына сәйкес...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 86, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

    ТЖШесептеудіңжаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған ​ Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шект...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңаӘдістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

    Сайлаушылартізімітұрақтытіркеунегізіндежергіліктіатқарушыоргандармен(әкімдіктер)тұрғылықты жері бойынша жасалатынын назарларыңызғажеткіземіз.Тұрақтытіркеуіжоқне тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтына...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың 3 тоқсанына арналған көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын көрсету үшін Атбасар ауданының ауылдық елді мекендері бойынша денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілерге сұранысқа ие мамандықтар тізбесі

    3 тоқсанға арналған тізбе

    Жарияланды: