Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Атбасар ауданының әкімдігі

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.
    Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтарын қорғау зейнетақы төлемдері бойынша міндеттемелердің орындалмау тәуекелдерін сақтандыру, зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметін мемлекеттік қадағалау, сондай-ақ олардың қаржылық тұрақтылығы мен тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптарды белгілеу сияқты тетіктер арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, негізгі басымдық тұрақты реттеу жүйесін қалыптастыруға, тиімді қадағалауды қамтамасыз етуге және жауапкершілікті мемлекет, қорлар мен басқарушы компаниялар арасында бөлуге беріледі.
    АҚШ-та белгіленген төлемдер жүйесіне (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларын Pension Benefit Guaranty Corporation (PBGC) федералдық сақтандыру жүйесі қорғайды. Бұл жүйе жұмыс берушінің қызметкердің зейнетақы жинақтарын қалыптастыру бойынша өз міндеттемелерін орындауға қабілетсіз болған жағдайда, корпоративтік зейнетақы жоспары бойынша (заңда белгіленген шектерде) қызметкер алдындағы зейнетақы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
    Ұлыбританияда мұндай функцияларды Pension Protection Fund (PPF) атқарады. Осыған ұқсас тетіктер Германияда да қолданылады. Бұл ретте осы тәрізді сақтандыру жүйелері тек белгіленген төлемдерге (Defined Benefits, DB) негізделген корпоративтік зейнетақы жоспарларына қолданылады және белгіленген жарналарға (Defined Contributions, DC) негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйелеріне қолданылмайды.
    Кейбір елдерде зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету тетіктері көзделген. Олар абсолюттік номиналды мәнде де(мысалы, Бельгияда, Швейцарияда, Малайзияда, Сингапурда), сондай-ақ салыстырмалы түрде, яғни белгілі бір бағдарлық көрсеткішпен салыстыру арқылы, мысалы, орташа кірістілікке қатысты (Латын Америкасы елдерінде) белгіленуі мүмкін. Бельгия мен Швейцарияда міндетті кәсіптік зейнетақы қорларындағы кірістіліктің ең төменгі номиналды мөлшерлемесі заңнамамен бекітілген. Ол жұмыс берушінің өз қызметкерінің зейнетақы жоспары бойынша міндеттемелерін есептеу кезінде пайдаланылады.

    Латын Америкасының бірқатар елдерінде (Чили, Колумбия, Сальвадор) ең төменгі кірістілік зейнетақы қорларының тиісті түрлері арасындағы орташа кірістілікке қатысты айқындалады. Егер зейнетақы қорын басқарушы (Administradora de Fondos de Pensiones, AFP) ең төменгі кірістілікті қамтамасыз ете алмаса, айырма қалыптастырылған резервтер (кепілдік резерві) есебінен өтеледі.
    Азияның бірқатар елдерінде де зейнетақы жинақтарының ең төменгі кірістілігіне қатысты талаптар қолданылады. Малайзияда қызметкерлердің жинақтаушы қоры (Employees Pension Fund, EPF) зейнетақы жинақтарының жылдық номиналды кірістілігіне кемінде 2,5% мөлшерінде кепілдік береді. Сингапурда Орталық жинақтаушы қор (Central Provident Fund, CPF) жылына 2,5%-дан 4%-ға дейінгі ең төменгі номиналды кірістілікті (шоттың түріне қарай) қамтамасыз етеді.
    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше елдердің іс жүзінде барлығында зейнетақы қорлары мен басқарушы компаниялардың қызметі мемлекет тарапынан тәуекелге бағдарланған қадағалауға алынып, капиталдың жеткіліктілігіне, резервтерді қалыптастыруға, тәуекелдерді басқару жүйесіне және клиенттердің активтерін инвестициялық басқарудың кәсіби стандарттарын сақтауға қатысты қатаң талаптар қойылады.
    Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйелері дамыған сайын негізгі басымдық тиімді реттеуге, тәуекелге бағдарланған қадағалауға, сондай-ақ салымшылардың құқықтары мен инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуге қарай ауысып келеді.

    Қазақстанның зейнетақы жүйесі де осы бағытта дамып келеді. Еске сала кетейік, заңнамалық өзгерістер азаматтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейді. Салымшы әртүрлі инвестициялық стратегиялар мен портфельдерді ұсынатын бір немесе бірнеше басқарушы компанияны өз бетінше таңдап, өзінің жинақтарының 100%-ына дейінгі бөлігін олардың сенімгерлік басқаруына бере алады.
    Инвестициялық мүмкіндіктердің кеңеюі және зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыру шараларының іске асырылуымен бірге зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету тәсілдері де өзгеруде. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттің кепілдігі БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген жарналар мөлшерінде сақталуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл ретте мемлекеттің негізгі міндеттемелері зейнетақының мемлекеттік құрамдас бөлігінің (базалық және ынтымақты зейнетақылардың) жеткіліктілігін сақтауға шоғырландырылады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Қандай өзгерістер болады? Салымшылар:ИПБ-ға берілетін жинақ...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы аннуитеті: нені білу маңызды?

    Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралы

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

    "Атбасар ауданының жер қатынастары және сәулет бөлімі" ММ Сізге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру туралы ақпарат 25.06.2026 - 25.07.2026 ж.

    № п/п Толық аты жер пайдаланушы Тапсырыс нөмірі және күні Мақсаты Алаңы, ж/у (га) Жер учаскесінің орналасқан жері Заң түрі Жалдау мерзімі 1 ТОО "Шыңғыс - 1" № КZ67VVX00605733 от 15.07.2026 құрылыс материалдары қоймасые қ...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    № 7 хаттама Атбасар ауданы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының отырыстары.

    01.07.2026 №7 хаттама

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңге...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында.

    Аудан әкімі -Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 40 376 адам, оның ішінде – қалалық – 29 622, ауылдық – 10 754 адам...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды: