Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу туралы

    Атбасар ауданының әкімдігі

    "Атбасар ауданының жер қатынастары және сәулет бөлімі" ММ Сізге Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 сәуірдегі № 118 бұйрығымен өзгерістер енгізілгенін ақпаратты қайта жеткізеді.

    Енгізілген өзгерістер жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіруге бағытталған және көрсетілетін қызметті алушылардың өтініштерін қарау кезінде жекелеген рәсімдерді, құжаттардың нысандарын және талаптарды түзетуді көздейді.

    Негізгі өзгерістер келесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қамтиды:

    1. «Елді мекендер жерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

    Қағидалардың жаңа редакциясында жер учаскелерінің нысаналы мақсаттарының тізбесі келесі нысаналы мақсатпен толықтырылды:

    «жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшін».

    Бұған дейін аталған нысаналы мақсаттар тізбеде көзделмеген.

    Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша өтініштерді қарау тәртібіне өзгерістер енгізілді. Көрсетілген нысаналы мақсат бойынша жер учаскелерін беру мәселесі жер комиссиясының қарауынсыз жүзеге асырылатын болады.

    Сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жаңа нысаны – елді мекендер жерінен жер учаскесін беру туралы шешім бекітілді. Аталған нысанда жер учаскесінің құқық иеленушісі, жер учаскесіне құқық түрі, орналасқан жері, нысаналы мақсаты, алаңы, жер санаты және жер учаскесін беруге байланысты өзге де мәліметтер көрсетіледі.

    1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

    Қағидалардың жаңа редакциясында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезінде қойылатын талаптар тізбесі толықтырылды.

    Әуеайлақ маңындағы аумақта орналасқан жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту кезінде әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға берілген рұқсаттың электрондық көшірмесін ұсыну көзделген.

    Аталған рұқсат Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларына сәйкес берілуі тиіс.

    Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздерінің тізбесі толықтырылды.

    Қосымша бас тарту негізі ретінде:

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-бабына сәйкес жергілікті атқарушы орган шешімдерін және уақытша өтеулі жер пайдалану шарты талаптарын орындамау, жер учаскесін ұзақ уақыт бойы пайдаланбау (егер жобалау-сметалық құжаттамада неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе) белгіленді.

    1. «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі

    Қағидалардың жаңа редакциясында мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің әрекет ету тәртібі өзгертілді.

    Көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала бас тарту туралы шешім жөнінде хабарлама жіберу және көрсетілетін қызметті алушыға өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру рәсімі алынып тасталды.

    Енді мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға уәжді бас тарту жолданады:

    • көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне»;
    • немесе белгіленген тәртіппен көрсетілетін қызметті беруші арқылы.

    Назар аударыңыз!!!!

    Аталған өзгерістер 2026 жылғы 12 шілдеден бастап күшіне енді.

    Осыған байланысты жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар өзгерістер заңды күшіне енгеннен кейін жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде Қағидалардың жаңа редакциясындағы талаптардың қолданылуын қамтамасыз етуі қажет.

    Енгізілген өзгерістермен жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің басым көпшілік түрлері бойынша Қағидалардың жекелеген ережелеріне түзетулер көзделген.

    Өзгерістер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібін жетілдіруге, өтініштерді қараудың жекелеген рәсімдерін нақтылауға, қызмет көрсету үшін қажетті құжаттарға қойылатын талаптарды өзектендіруге, көрсетілетін қызметті берушілер мен көрсетілетін қызметті алушылар арасындағы өзара іс-қимыл тәртібін өзгертуге, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерінің нысандарын қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіруге бағытталған.

    Жоғарыда айтылғандарға байланысты жер қатынастары саласында тиісті мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының жаңа редакциядағы ережелерін басшылыққа алу қажет.

    Осыған байланысты, біз азаматтар мен заңды тұлғалардан келіп түсетін жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді қарау кезінде жұмыста пайдалану және өзектілігін жоғалтқан ережелерді қолдануға жол бермеу үшін Енгізілген өзгерістер туралы осы ақпаратты Сізге Қайта жеткіземіз.

    «Атбасар ауданының жер қатынастары, сәулет және

    қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы Ш. Нуртазин

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Зейнетақы жинағы өз бақылауыңызда: БЖЗҚ салымшылары үшін жаңа мүмкіндіктер

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап салымшылар зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Қандай өзгерістер болады? Салымшылар:ИПБ-ға берілетін жинақ...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы аннуитеті: нені білу маңызды?

    Осы мәселе бойынша кеңес алу үшін әлеуметтік желілерге немесе БЖЗҚ байланыс орталығына хабарласыңыз - 1418

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Дауыс беруді бастаудың басқа уақытын белгілеу туралы

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар ауданы бойынша жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру туралы ақпарат 25.06.2026 - 25.07.2026 ж.

    № п/п Толық аты жер пайдаланушы Тапсырыс нөмірі және күні Мақсаты Алаңы, ж/у (га) Жер учаскесінің орналасқан жері Заң түрі Жалдау мерзімі 1 ТОО "Шыңғыс - 1" № КZ67VVX00605733 от 15.07.2026 құрылыс материалдары қоймасые қ...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    № 7 хаттама Атбасар ауданы бойынша азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелеріне құқық беру жөніндегі жер комиссиясының отырыстары.

    01.07.2026 №7 хаттама

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат

    Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді. ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңге...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында.

    Аудан әкімі -Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 40 376 адам, оның ішінде – қалалық – 29 622, ауылдық – 10 754 адам...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтары...

    Атбасар ауданының әкімдігіЖарияланды: