Әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер (бұдан әрі – Зерттеу) жыл сайын Қазақстан Республикасындағы тілдік ахуал мен тіл саясатын дамуын сыртқы бағалауының ағымдағы жағдайын зерделеу мақсатында жүргізіледі.
Аталған Зерттеуді жүргізу Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарында (2023 жылғы 16 қазандағы № 914 ҚРҮҚ) міндетті тармақ ретінде белгіленген. Орындалу мерзімі: 2023-2029 жылдардағы желтоқсан (жыл сайын). Жауапты орындаушылар: ҒЖБМ, ЖАО.
2025 жылы мемлекеттік сатып алулар конкурсының қорытындысына сәйкес «Eco Vid» ЖК-мен Қазақстан Республикасындағы тіл саясаты мәселелері бойынша әлеуметтанулық және талдамалық зерттеулер жүргізу бойынша қызмет көрсету туралы 2025 жылғы 26 мамырдағы № 69 шарт жасалды.
Зерттеудің мақсаты: Қазақстандағы тіл саясатын мониторингтік режимде (халыққа сауалнама жүргізу) зерделеп, тілдің әртүрлі салаларында (кәсіпкерлік саласы) дамуы және қолданылуы саласын анықтау, қазақ, орыс, ағылшын және басқа да тілдердің қолданыс аясы мен даму деңгейін анықтап, сарапшыларға сауалнама жүргізу арқылы тіл ахуалының дамуын және тіл саясатын мониторингтік бағалауды зерделеу, қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамуын зерделеу, жасанды интеллект негізінде тілдік модельдерді енгізу туралы халықтың ақпараттану деңгейін, салалар бойынша тілдік қажеттіліктерді анықтау, қазақ әліпбиін латын графикасына көшірудің негізгі аспектілері туралы азаматтардың ақпараттану деңгейін зерделеу.
Зерттеу әдістемесі: 17 облыс пен республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалалары тұрғындары арасында жаппай сауалнама жүргізу.
Жалпы іріктеме жиынтығы: 18 жасқа толған және одан жоғары жастағы 6000 адам, оның ішінде 700 кәсіпкерлік саласы қызметкері.
Бекітілген Қызмет көрсету кестесіне сәйкес өнім беруші тарапынан зерттеудің алаңдық кезеңі жүргізілді. Өңірлерде сұхбаткерлер респонденттер арасында сауалнама жүзеге асырылды.
Зерттеу нәтижесі бойынша Тұжырымдамада көзделген нысаналы индикаторлар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу/қол жеткізбеу деңгейі анықталды: «мемлекеттіктілді меңгерген тұрғындардың үлесі»(82 %), «үш тілді (қазақ, орыс және ағылшын) қатар меңгерген тұрғындардың үлесі» (31 %),«күнделікті өмірде мемлекеттік тілді қолданатын тұрғындардың үлесі» (51 %).
Алаңдық жұмыстарының деректері өңдеу қорытындысы бойынша талдамалық және шығармашылық есептер әзірленді.
Қазақ және орыс тілдерінде 70 дана кітап шығарылып, жіктемеге сәйкес өңірлер мен мекемелерге таратылды.
Әлеуметтанулық зерттеулердің қорытындысы ҚР ҒЖБМ ресми сайтында (https://www.gov.kz/memleket/entities/language/documents/details/933885?lang=kk ) және ҚР нормативтік құқықтық актілердің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінің зерттеулер кітапханасындажарияланды.