Қазақстан адам дамуының деңгейі бойынша ТМД мен ОА елдері арасында көш бастап, әлемдегі үздіктер қатарына енді

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдері арасында сенімді түрде көш бастап тұр.

    2023 жылғы көрсеткіштерге негізделген 2025 жылғы баяндама деректері бойынша Қазақстан 193 ел мен аумақ арасында 60-орында тұр. ҚР Адамның даму индексі (HDI) 0,837-ні құрады, бұл адам дамуының өте жоғары деңгейіне сәйкес келеді.

    ТМД мен Орталық Азия елдері арасында бұл – ең үздік нәтиже. Қазақстанда күтілетін білім алу ұзақтығы 14 жылды, ал білім алудың орташа ұзақтығы 12,5 жылды құрады. Айта кету керек: қазақстандық білім беру саласы түрлі әлемдік рейтингтерде расымен де мықты позицияларды көрсетіп келеді. Мысалы, жақында шыққан QS Best Student Cities 2027 деректеріне сай қос елордамыз – Алматы мен Астана өз позицияларын жақсартып, рейтингте тиісінше 78-орынды (+13) және 119-орынды (+8) иеленді. Бұл ҚР-ның студенттік қалалардың тартымдылығы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Негізгі артықшылықтар ретінде мықты университеттер мен жоғары білімнің қолжетімділігі атап өтілді.

    Толығырақ: https://ranking.kz/kz/sholu/world-kz/kazakstan-adam-damuynyn-dengeyi-boyynsha-tmd-men-oa-elderi-arasynda-kosh-bastap-elemdegi-uzdikter-kataryna-endi.html

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ғылым саласындағы статистика

    2022 жылмен салыстырғанда елдегі ғалымдар саны шамамен 6 мың адамға артып, 28 374 адамға жетті. Жас зерттеушілердің үлесі 48%-ды құрайды, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға өсті, 792 жас ғалым тұрғын үймен қ...

    Ақпарат

    Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі әлеуетін нығайтып келеді

    QS Insights Magazine журналында жарияланған «Kazakhstan’s Higher Education: Building Central Asia’s Leading Academic Ecosystem»атты жаңа мақалада Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің негізгі жетістіктері мен оның хал...

    Кесте

    Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу өткізуінің 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған графигі

    Ақпарат

    «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры

    «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры – бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген цифрлық база, ол еліміздің жоғары білім беру жүйесіне қатысты мәліметтерді бірі...

    Ақпарат

    Қазақстан студенттік қалалардың тартымдылығы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады

    Ақпарат

    Қызметіне өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі

    Ақпарат

    Қазақстанның ғылыми белсенділік пен жоғары білім берудің жаһандық рейтингтеріндегі позицияларын нығайту туралы ақпарат

    Қазақстан ғылыми белсенділік бойынша SCImago жаһандық рейтингінде Орталық Азияның көшбасшысы атанды https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1164297?lang=kk ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫ: ҚАЗАҚСТАН QS SUBJE...

    Ақпарат

    Халықаралық келісімдер