Жітіқара ауданында әлеуметтік идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті

    ·

    Жыл сайын өткізілетін іс-шара Жітіқара ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

    Жәрмеңке дәстүрлі түрде өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге, азаматтық белсенділікті дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау алаңы болып табылады. Ұсыныстарды қабылдау және қарау 1 мамыр мен 15 маусым аралығында жүргізілді.

    Биыл конкурсқа қатысу үшін 21 өтінім келіп түсті. Ұсынылған жобалар белгіленген мақсаттар мен критерийлерге сәйкестігі тұрғысынан қаралып, оның ішінде 9 жоба қорғау кезеңіне жіберілді.

    Жобаларды қорғау және конкурстық комиссияның талқылауының қорытындысы бойынша 5 бастама іріктелді. Әрбір жеңімпаз жобаға 400 000 теңге көлемінде қаржыландыру бөлінеді.

    Конкурс жеңімпаздары:

    🔹 «Үміт» бастамашыл тобы – «PlayGraund» жобасы (Тургенов ауылында балалардың бос уақытын өткізуіне қолайлы жағдай жасау);

    🔹 «Қазыналы жас» бастамашыл тобы – «Қарым-қатынас пен белсенді демалыс аумағы» жобасы (аға буын өкілдерін қолдау);

    🔹 «Дарынды балалардың ата-аналары» бастамашыл тобы – «Жан әуені» жобасы (балалар шығармашылығын дамыту);

    🔹 «ГАММА» бастамашыл тобы – «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген киім» жобасы (мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау);

    🔹 «United Group Kz» бастамашыл тобы – «Ұлттық мұра» жобасы (өсіп келе жатқан ұрпақты әлеуметтік бейімдеу және ұлттық мәдениетке баулу).

    Грант көлемінің салыстырмалы түрде шағын болуына қарамастан, көрсетілетін қолдау жобалардың одан әрі дамуына, ауқымын кеңейтуіне және қосымша ресурстар мен жаңа мүмкіндіктерді тарта отырып, тұрақты негізде жүзеге асырылуына серпін беруі тиіс.

    Жобалары жеңімпаздар қатарына енбеген қатысушыларға өз бастамаларын одан әрі жетілдіріп, облыстық және республикалық деңгейдегі гранттық қолдау қарастырылған конкурстарға қатысу ұсынылды.

    Жобаларды іске асыру кезеңінде жеңімпаздарға «Damu.kst» жастар қоғамдық бірлестігі тарапынан ұйымдастырушылық-әдістемелік сүйемелдеу көрсетіліп, жобалардың жүзеге асырылуы мен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізіледі.

    Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Жобалардың сәтті жүзеге асуына, алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне және ауданымыздың игілігі жолындағы жаңа бастамалардың жүзеге асуына тілектеспіз!

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Комплаенс-офицерлердің ұжыммен кездесуі

    Ұжымдарда комплаенс-офицерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі профилактикалық кездесулері жалғасуда. Ағымдағы жылғы​ шілдеде Сәйкестікті қамтамасыз ету жөніндегі мамандар қызметкерлерді Сы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Нитраттармен тағамнан уланудың алдын алу шаралары

    Нитраттар – ауыл шаруашылығында минералды тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылатын азот қосылыстары. Тыңайтқыштарды шамадан тыс пайдалану нәтижесінде нитраттар көкөністерде, көк шөптерде және бақша дақылдарында жиналуы мүм...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері

    Ауданның құрылған күні 1928 жыл Аудан аумағының көлемі, мың шаршы км. 7,3 мың шаршы км. р/б № Көрсеткіштер өлш.бірл. 2026 жылғы 1 шілдедегі 1 Халық саны (2026 ж. 01.06-на) адам 40 533 қала адам 34 321 ауыл адам 6 212 2...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Жітіқара ауданының әлеуметтік-экономикалық дамыуының негізгі қорытындылары

    Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 72553,6 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 126,0% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,8% құрады. 2026 ж...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    01.07.2025 жыл бойынша Жітіқара ауданының аудандық бюджетінің атқарылуы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданы әкімінің хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы са...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жітіқара ауданының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау тағайындалуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы сайл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Жітіқара ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен келісу бойынша әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Жітіқара ауданының аумағында сайла...

    Жарияланды: