Өнеркәсіп. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында аудан кәсіпорындарында 72553,6 млн. теңге сомасына немесе 2025 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейіне 126,0% өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өнеркәсіп өнімінің ЖКИ 105,8% құрады.
2026 жылғы 1 шілдедегі жедел деректер бойынша 3-6 топтағы 121,4 мың тонна хризотил-асбест өндірілді, бұл өткен жылдың көлемінен 3,4%-ға кем.
Алтынды өндіру 106,0 кг-ды құрады, құрамында алтыны бар кенді өндіру 16,7%-ға ұлғаюмен 1746,0 мың тоннаны құрады. Болат құю өндірісі 4,2%-ға азаюмен 255,8 тоннаны құрады.
Ауыл шаруашылығы. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында ауыл, орман, балық шаруашылығының жалпы өнімдерінің (қызметтерінің) көлемі (ағымдағы бағамен) 2629,6 млн. теңгені, оның ішінде ауыл шаруашылығы – 2626,7 млн. теңгені, балық шаруашылығы – 2,9 млн. теңгені құрады .
Ауыл шаруашылығының ЖКИ 108,0% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 9,0%-ға ұлғаюмен 13825,0 млн. теңгені құрады . Инвестициялардың ЖКИ – 103,7% құрады.
Құрылыс жұмыстары. Қаңтар-маусым айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың деңгейіне 2,2 есеге ұлғаюмен 7766,0 млн. тенгені құрады . Құрылыс жұмыстарының ЖКИ – 208,5% құрады .
2026 жылғы қаңтар-маусым айларында тұрғын үйлерді 3217,8 ш.м. пайдалануға берілді (2025 ж. қаңтар-маусым – 523,0 ш.м.).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2026 жылғы 1 шілдедегі статдеректер бойынша жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 247 бірлікке азаюмен 1684 бірлікті, оның ішінде заңды тұлғалар – 10 субъектіге азаюмен 228 бірлікті , жеке кәсіпкерлер – 203 субъектіге азаюмен 1287 бірлікті, шаруа қожалықтары - 34 субъектіге азаюмен 169 бірлікті құрады.
Сауда. 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда көлемі 10,7% өсіммен 3829,0 млн. теңгені құрады. Бөлшек сауданың ЖКИ – 100,8% .
Көтерме сауда көлемі 76,0%-ға ұлғаюмен 9628,7 млн. теңгені құрады. Көтерме сауданың ЖКИ – 161,0%.
Өмір деңгейі. 2026 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан бойынша орташа айлық жалақы 15,1% өсіммен 423 219 теңгені құрады .
Қаржы.
Өткен жылдың ұқсас кезеңіне меншікті кірістер 18,3%-ға немесе 424,9 млн. теңгеге ұлғаюмен аудандық бюджетке 2752,7 млн. теңге түсті. Салық және төлем түсімдерінің болжамы 107,8%-ға орындалды .