Жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың I жартыжылдығы)

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

    2026 жылдың I жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 251 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 151 (60,1%), нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша – 13 (5,2%), прокурордың талап етуі бойынша – 62 (24,7%), мемлекеттік органдардың өтініштері бойынша – 25 (9,9%) тексеру жүргізілді.

    Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауына, білім беру ұйымының жарғысында айқындалған функцияларды орындамауына, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог лауазымдарына тағайындауға конкурс өткізу тәртібінің талаптарына сәйкес келмеуіне және өзге де бұзушылықтарға байланысты 281 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

    Ең көп анықталған бұзушылықтар көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмеуіне, білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік қағидалары мен білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидалары талаптарының сақталмауына, сондай-ақ тәрбиеленушілер мен білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттердің орындалмауына қатысты болды.

    Аталған бұзушылықтарды жасағаны үшін білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ТжКБ мамандықтары бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (2-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (1-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Профилактический контроль без посещения

    Ақпарат

    Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы )

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу. Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, с...

    Ақпарат

    Білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау (2026 жылғы 1-ші жартыжылдық)

    Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы «Білім туралы» Қазақстан Респ...

    Ақпарат

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау (2-і тоқсан)

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Комитеттің аумақтық бөлімшелері өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін білім беру ұйымдарының, олардың басқару органдарының интернет-ресурстарында, білім беру платформа...

    Ақпарат

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 2-тоқсаны)

    2026 жылдың 2-тоқсаны ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен 97 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде ж...