Білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау (2026 жылғы 1-ші жартыжылдық)

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті

    Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру мақсатында 2024 жылы «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 59-1-баппен толықтырылды.

    Осы баптың 8-тармағына сәйкес, білім беру саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысымен білім беруді басқару органдарына жоспарлы тексеру тағайындау үшін 17 өңірдің 62 білім беру бөлімдері 2026 жылға арналған тізімі бекітілді (Абай облысы – 4, Ақмола облысы – 6, Актөбеоблысы – 4, Алматы облысы – 3, Атырау обласы – 2, Батыс Қазақстан – 4, Жамбыл облысы – 3, Жетісу облысы – 3, Қарағанды облысы – 4, Қостанай облысы – 6, Қызылорда облысы – 2, Манғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 4, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Түркістан облысы – 5, Ұлытау облысы – 2, Шығыс Қазақстан облысы - 4).

    Аумақтық департаменттермен 45 білім бөліміне жоспарлы тексерулер жүргізілді (Абай – 3, Ақмола облысы – 2, Ақтөбе облысы – 3, Алматы облысы – 2, Атырау облысы – 2, Батыс Қазақстан облысы – 2, Жамбыл облысы – 2, Жетісу облысы – 3, Қарағанды облысы – 1, Қостанай облысы – 3, Қызылорда облысы – 2, Маңғыстау облысы – 2, Павлодар облысы – 3, Солтүстік Қазақстан облысы – 4, Түркістан облысы – 5, область Ұлытау – 2, Шығыс Қазақстан облысы – 4).

    Сонымен қатар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде 2026 жылдың бірінші тоқсанында аумақтық департаменттерімен Павлодар қаласының, Түркістан облысының Ордабасы және Мақтаарал аудандарының білім бөлімдеріне қатысты 3 және Алматы және Атырау облыстарының білім басқармаларына қатысты 2 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

    Жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалды, сондай-ақ анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 48 білім бөлім басшыларына ұсыныстар берілді.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    ТжКБ мамандықтары бойынша аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Аккредиттелген білім беру ұйымдарының тізілімі (2-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (1-тізілім) (2026 жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша)

    Ақпарат

    Профилактический контроль без посещения

    Ақпарат

    Жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың I жартыжылдығы)

    2026 жылдың I жартыжылдығында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері 251 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның ішінде ж...

    Ақпарат

    Ресми құжаттарды апостильдеу (2026 жылдың 1-ші жартыжылдығы )

    Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу. Апостиль – құжаттамаға қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, с...

    Ақпарат

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау (2-і тоқсан)

    Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Комитеттің аумақтық бөлімшелері өзін-өзі бағалау материалдарының деректерін білім беру ұйымдарының, олардың басқару органдарының интернет-ресурстарында, білім беру платформа...

    Ақпарат

    Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша және нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексерулер (2026 жылдың 2-тоқсаны)

    2026 жылдың 2-тоқсаны ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен 97 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде ж...