2026 жылдың 2-тоқсаны ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері қызметкерлерімен 97 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 86 (88%), нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша – 11 (12%) тексеру жүргізілді.
Жоспардан тыс тексерулер қорытындысы бойынша 67 (69%) білім беру ұйымына педагогтердің лауазымдық міндеттерін және педагогикалық әдеп нормаларын сақтамауына, жарғымен айқындалған функцияларды орындамауына, мемлекеттік білім беру ұйымдарында педагог лауазымдарына тағайындау конкурсын өткізу тәртібінің сәйкес келмеуіне және басқа да бұзушылықтарға байланысты оларды жою туралы нұсқамалар енгізілді.
Көрсетілетін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарына сәйкес келмеуі, білім беру ұйымдарының үлгілік қызмет қағидаларын және білім алушыларды қабылдаудың үлгілік қағидаларын сақтамауы, тәрбиеленушілер мен білім алушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі міндеттерді орындамауы фактілері бойынша білім беру ұйымдарының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.