БІРЛЕСКЕН 01.07.2026ж. № 116 БҰЙРЫҚ ЖӘНЕ № 27/56 ҚАУЛЫ

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ және Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 102 және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 4/407 бірлескен бұйрығы мен қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23158 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесін бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-2-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 23-бабының
    7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы БҰЙЫРАДЫ, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қоса берілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі бекітілсін.»;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі, көрсетілген бірлескен бұйрықпен және қаулымен бекітілген осы бірлескен бұйрық пен қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесіне қосымша:

    жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының

    мемлекеттік қызмет

    саласындағы заңнамасының

    талаптарына сәйкестікті тексеру

    үшін аудандық маңызы бар

    қалалар, ауылдар, кенттер,

    ауылдық округтер әкімдеріне

    кандидаттардың тиісті аумақтық

    сайлау комиссиясына ұсынатын

    құжаттарының тізбесіне

    қосымша»

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ҚАЛАНЫҢ, АУЫЛДЫҢ, КЕНТТІҢ, АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІНЕ КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

    ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА В АКИМЫ ГОРОДА РАЙОННОГО ЗНАЧЕНИЯ, СЕЛА, ПОСЕЛКА, СЕЛЬСКОГО ОКРУГА».

    1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрық пен қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін жіберуді;

    2) осы бірлескен бұйрық пен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    1. Осы бірлескен бұйрық және қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
    2. Осы бірлескен бұйрық пен қаулы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

    Д. Жазықбай

    ________________________

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы

    _____________________

    Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірлескен бұйрығына және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қаулысына қосымша

    Бірлескен

    Қазақстан Республикасының

    Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

    Төрағасының

    2021 жылғы 21 маусымдағы

    № 102 бұйрығымен және

    Қазақстан Республикасының

    Орталық сайлау комиссиясының

    2021 жылғы 22 маусымдағы

    № 4/407 қаулысымен

    БЕКІТІЛГЕН

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттардың тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсынатын құжаттарының тізбесі

    Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестікті тексеру үшін аудандық (қалалық) сайлау комиссиясына келесі құжаттарды ұсынады:

    1) осы тізбеге қосымшаға сәйкес нысандағы аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтердің әкіміне кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

    2) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;

    3) білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы 2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен немесе нотариалды куәландырылған көшірмелермен салыстырады.

    Тиісті аумақтық сайлау комиссиясы кандидат құжаттарды тапсырғаннан кейін келесі күнтізбелік күннен кешіктірмей мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органына жоғарыда көрсетілген құжаттарды және статистика және арнайы есепке алу жөніндегі органның есептері бойынша мәліметтердің болуы/болмауы туралы деректерді алу үшін жеке тұлғаға берген жауабын жолдайды.

    Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның тиісті аумақтық органы күнтізбелік үш күннен кешіктірмей кандидаттың бiлiктiлiк талаптары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәселесі бойынша қорытындыны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жолдайды.

    Жүктеу
    Постановление
    Постановление
    DOCX · 28 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлесті...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Әділет» партиясы» қоғамдық бірлестігінің партия...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» Қоғамд...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігіні...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы» қо...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды: