«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 89-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- « Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес тіркелсін.
- «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімі бойынша тіркелген Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттарға куәліктер берілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты «Қазақстан Халық банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
- «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімінің тіркелгені туралы хабар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында жариялансын.
- «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің атауы сайлау бюллетеніне енгізілсін.